È

Қазақстандық екі фильм XXIII Пусан кинофестиваліне қатысуда

Қазақстандық екі фильм XXIII Пусан кинофестиваліне қатысуда

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі және Фархат Шәріповтың «The Secret of a Leader» (жұмыс атауы «Арман әлемі») картинасы XXIII Халықаралық Пусан кинофестиваліне қатысып жатыр. Таспалар «Азиаттық кино терезесі» («A Window on Asian Cinema») бөліміне енді. Кинокөрсетілім 4-13 қазан аралығында өтеді.

Халықаралық Пусан кинофестивалі (Busan International Film Festival) – 1996 жылдан бері Оңтүстік Кореядағы Пусан қаласында өтетін Азиядағы ірі киношараның бірі. Жыл сайын фестивальге әлемнің 50-ден астам елінен 200-ге жуық жұмыс қатысады. «Азиаттық кино терезесі» бөлімінде отандық фильмдерге Бангладеш, Қытая, Үндістан, Сингапур, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен келген 58 картина бәселекес болады.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы үлкен шаһардың қатал заңдарына тап болатын Салтанат пен Қуандықтың хикаясын баяндайды. Фильмдегі рөлі үшін Қуандық Дүйсембаев «Жердің қиыры» ХКФ-де көзге түскен болатын.

Фархат Шәріповтың «The Secret of a Leader» таспасы - Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» повесінің экрандауы. Сюжет бойынша басты кейіпкер нашар мінезінің кесірінен жақын адамдарынан айырылып, жалғыз қалады. Ол ащы судан тыныштық іздейді. Драмаға XIII Қазан кинофестивалінің жүлдегері, актер Дулыға Ақмолда түсті.

«The Secret of a Leader» («Арман әлемі») фильмінің түсірілімінен көрініс
«The Secret of a Leader» («Арман әлемі») фильмінің түсірілімінен көрініс

Еске салсақ, былтырғы жылы Пусан фестивалінің «Азиаттық кино терезесі» бөліміне Ақан Сатаевтың «Она» триллері қатысқан болатын. Ал 2018 жылы Wide Angle section: Short Film Competition бағдарламасында таныстырылған Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі үздік азиаттық қысқаметражды фильм деп танылды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер