È

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі алғашқы жүлдесін қанжығасына байлады

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі алғашқы жүлдесін қанжығасына байлады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі өзінің алғашқы жүлдесіне ие болды. Картина «Жердің қиыры» Халықаралық кинофестиваліне қатысып, «Үздік ер адам рөлі» аталымында жеңіске жетті. Мүсінше мен естелік дипломды басты рөлді сомдаған актер Қуандық Дүйсембаев иеленді.

Қуандық Дүйсембаев
Қуандық Дүйсембаев

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы – жас жұп Салтанат пен Қуандықтың оқиғасы. Екеуі ауылда тыныш әрі қалыпты өмір сүріп жүреді. Бір күні Салтанат отбасылық мәселелерге байланысты қалаға көшіп барады. Бойжеткен белгісіз суық шаһарға келіп, қиындықтарға тап болады. Қуандық бар күшімен сүйіктісін қатал қаладан және тұрғындарынан қорғауға тырысып бағады.

Ғашықтарды Динара Бақтыбаева және Қуандық Дүйсембаев сомдады. Фильм өндірісіне Astana Film Fund қолдау білдірді.

Мария Шукшина, Қуандық Дүйсембаев
Мария Шукшина, Қуандық Дүйсембаев

«Жердің қиыры» кинокөрсетілімі жыл сайын Ресейде, Оңтүстік Сахалинде өтеді. Биыл фестивальде бүкіл әлемнен 120 картина көрсетілді. Үздік фильм сыйлығын Милад Аламидің «Арбаушы» жұмысы (Дания, Швеция) иеленді, ал «Үздік әйел рөлі» аталымына «Сұмдық кек» драмасындағы (Грузия, Эстония) рөлі үшін Нато Мурванидзе ие болды.

Еске салсақ, «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің әлемдік тұсаукесері 71-ші Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» бағдарламасы аясында өткен болатын. Сондай-ақ, картина Армения, Израиль және Чехия ХКФ-де таныстырылды.

 

Превью: informburo.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер