Әділхан Ержановтың фильмдері «Жердің қиыры» Сахалин кинофестивалінде көрсетіледі

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» және «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картиналары фестивальдерге саяхат жасауды жалғастыруда. Бұл жолы фильмдер Ресейдегі Оңтүстік Сахалинде басталған «Жердің қиыры» кинофестивалінің қатысушылары атанды.
«Түн құдайы» фильмі байқаудан тыс «Көршілер/Достар» бағдарламасында көрсетіледі. Ал «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» керісінше, 9 фильм енген негізгі байқауда ұсынылады. Көрсетілім қонақтарына барлығы 120 көркем, деректі, анимациялық және қысқаметражды жұмыстар көрсетіледі.

Қатысушыларды Оңтүстік Корея сценаристі О Чжун-ми, актриса әрі тележүргізуші Мария Шукшина, режиссерлар кіші Алексей Герман және Алексей Попогребский бағалайтын болады. Қазылар алқасының төрағасы ирандық режиссер Таминех Милани болды.
Еске салсақ, «Түн құдайы» «Қазақфильм» киностудиясының негізінде өндірілді, ал «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі Astana film fund қолдауымен түсірілді.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін