È

40-шы Мәскеу халықаралық фестивалінде «Түнгі Құдай» фильмінің көрсетілімі өтті

40-шы Мәскеу халықаралық фестивалінде «Түнгі Құдай» фильмінің көрсетілімі өтті

40-шы Мәскеу халықаралық фестивалінің негізгі байқауы аясында Әділхан Ержановтың «Түнгі Құдай» фильмінің көрсетілімі өтті. Көрсетілімнен кейінгі баспасөз мәслихатында қазақстандық режиссер фильмді түсіруде неден шабыттанғанын және фильмді түсірушілер қандай тұжырымдаманы ұстанғанын айтып берді.

«Түнгі Құдай» - екі жұмысшының арасындағы диалог. Біріншісі аспандағы құйрықты кометаларға қызығушылық танытады. Екіншісі мұндай құбылыстардың бар екенін жоққа шығарады.

«Фильмде хронологиялық баяндау жоқ. Мен үшін эпизодтың үш түрлі көңіл-күйден тұрғаны маңызды болды және ол фильм бойы қайталанып отырды. Біз үш түрлі көңіл-күйді қоюшы-суретші және оператормен бірге талқыладық. Эпизод құпиядан басталуы керек, содан кейін қорқынышқа, қырып-жоюға айналады, бірақ соңы барлық қорқынышқа қарамастан, осы әлемде қалатын сұлулықпен аяқталуы керек. Мейірімділік - бұл, негізінен жойылмайды. Ол соңында жеңіске жетеді. Фильмнің атмосферасының сүреңсіз екендігімен келісемін. Бірақ, мен өз пікірімде қаламын, көрсетілген сандыраққа қарамастан бұл маңызды бастама деп ойлаймын. Ақыры соңында, қараңғылық пен хаосқа қарамастан, ол жеңіске жетеді»,- деді Ержанов.

Картина 2017 жылы «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілді. Кейіпкерлерді Баймұрат Жұманов, Салтанат Наурыз, Максим Богомолов және Нұрбек Мүкішев сомдады.

Әділхан Ержановтың сөзінше, ол түсірілім барысында белгілі режиссерлердің шығармашылығынан және әдеби шығармалардан шабыт алған көрінеді.

«Фильмді түсіруге үлкен Алексей Герман, кей тұстарда Питер Уир, Байронның «Қараңғы» өлеңі және «Діни комедия» шабыт берді. Әрине, ненің әсер еткенін нақты айту қиын, себебі көп нәрсе әсер етеді», -деп қоса кетті режиссер.

Айта кетейік, Мәскеу халықаралық фестивалі 26 сәуірде аяқталады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

24 апреля 2018, 19:21

Поздравляю друзья!

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер