È

«Құдалар» фильмінің трейлері

«Құдалар» фильмінің трейлері

 

Nurtas production компаниясы көрермендерге «Құдалар» отбасылық комедиясының трейлерін ұсынды. Режиссері, продюсері, сондай-ақ басты рөлдердің бірін сомдаушы Нұртас Адамбай болды.

Данияр менДиана үйленуді ұйғарады, бірақ ата-аналары бұл жаңалыққа аса қуана қоймайды. Диананың анасы Жаннет Шымкенттік күйеу баланы қабылдағысы келмейді, ал Даниярдың анасына қалалық «келін» мүлдем қажет емес, өйткені ол үнемі ибалы әрі шаруаға жақын келін туралы армандаған еді. Енді ғашықтардың алдында ата-аналарын табыстыру міндеті тұр.

Нұртастан бөлек, фильмдегі рөлдерді Динара Бақтыбаева, Олжас Рымбаев, Дархан Дайырбек, Жан Ізбасар, Райхан Қалиолдина сомдады.

Картина түсірілімі 2018 жылдың көктемінде өтті.

Көрермендер таспаны биылғы 27 желтоқсаннан бастап тамашалай алады.

Еске сала кетсек, фильм авторлары «Құдалар» картинасының кинотеатрлы постерін де ұсынған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:08

Нуртас рвет наши корни сполна

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер