È

Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» 2019 жылы жарыққа шығады

Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» 2019 жылы жарыққа шығады

Фархат Шәріпов «Тұлғалық өсу тренингі» фильмін жабық көрсетілімде таныстырды. Картина Данияр Сүгірәлиновтің «Кірпіштер 2.0» романы бойынша түсірілген.

Банк клеркі Қанат өмір мәнін іздеп жүріп, тұлғалық тренингіне қатысуды ұйғарады. Бірнеше уақыттан соң ол бұрынғы досы Даниярды жолықтырады, содан бастап өмірге деген көзқарасы күрт өзгере бастайды.

«Тұлғалық өсу тренингі» фильмінен көрініс
«Тұлғалық өсу тренингі» фильмінен көрініс

Фильм түсірілімі Алматыда биылғы наурызда басталып, сәуірдің ортасында аяқталған болатын.

«Кітап оқырмандармен тексерілген, сондықтан жеке бюджетпен фильм түсіруді жөн көрдік. Бірақ, «Қазақфильм» киноны қаржыландыруды ұйғарған соң, коммерциядан алшақтадық. Біз сюжетті барынша шынайы жасадық және көрермендерге кинодан күтетін қалыпты дүниесін бермеуге тырыстық», - деді Фархат Шәріпов.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Дулыға Ақмолда мен Ержан Түсіповтің шығармашылық дуэті көрермендерді бей-жай қалдырмады.

«Біз Дулыға Ақмолда екеуіміз шамамен 10 жыл бойы Әуезов театрында (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – Ред.) бірге жұмыс істедік. Фархатқа біздің серіктестігіміз ұнады. Алаңда өте ыңғайлы жағдай болды. Режиссер актерларға нақты талаптар қойды. Бұл рөл мен үшін оңай болмады. Мен оған моральды түрде ұзақ дайындалдым», - деп бөлісті Ержан Түсіпов.

Фильм ауқымды айналымға келесі жылдың ақпанында шығады.

«Тұлғалық өсу тренингі» трейлерін мына жерден көре аласыздар.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер