È

Қазақстанның үш фильмі «Киношок-2018» фестивалінің бағдарламасына енді

Қазақстанның үш фильмі «Киношок-2018» фестивалінің бағдарламасына енді

27-ші «Киношок» Ашық кинофестивалінің байқау бағдарламасына үш қазақстандық фильм қатысады. Толықметражды фильмдер байқауында Серікбол Өтепбергеновтің «Алтыншы бекеті», Алдияр Байрақымовтың «Шек» картинасы және қысқа метр байқауында Әлімжан Құдабаевтың «Мараттың бейнежазбасы» картинасы көрсетіледі. Кинокөрсетілім 2-9 қыркүйек аралығында Ресейдегі Анапа курорт қаласында өтеді.

Серікбол Өтепбергеновтің «Алтыншы бекет» фильмі – биылғы көктемде отандық айналымға шыққан әскери-патриоттық драма. Картина 2010 жылы Маңғыстау облысында болған шынайы оқиғаға негізделген. Қатаң тәртіптегі колонияның тұтқындары қашып кеткен болатын. Қатардағы жауынгер Ербол Отарбаев қашқындарды байқап, тоқтатуға тырысады.

«Алтыншы бекет» фильмінен көрініс
«Алтыншы бекет» фильмінен көрініс

«Шек» - Алдияр Байрақымовтың дебютті толықметражды фильмі, тұсауы 2017 жылдың қазанында кесілген. Сюжетте екі жасөспірім баяндалады. Біреуі пәтер жалдап, базарда тәшкі итерумен күн көреді, екіншісі отбасымен бірге тұрады және білімде жетістікке жетеді. Бірақ, екеуінің тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты.

Әлімжан Құдабаевтың «Мараттың бейнежазбасы» қысқаметражды таспасы орта мектептің оқушылары жайлы. Басты кейіпкер Мараттың туған күніне планшет сыйлайды, ол соған қатал әрекетті бейнежазба түсіреді. Роликтің кесірінен жаңа оқушымен жанжал туындап, ол қайтыс болады. Мараттың әкесі баласын кәмелетке толмағандар колониясынан барынша құтқарып қалуға тырысады.

«Шек» фильмінен көрініс
«Шек» фильмінен көрініс

«Киношок» Ашық кинофестивалі 1992 жылдан бері бұрынғы одақтас республикалардың кинематографшыларын біріктіріп, мәдени байланыстың ажырауына жол бермеу мақсатында өткізіліп келеді. Көрсетілім аясында дәстүрлі түрде толықметражды, қысқаметражды, деректі, телевизиялық және балалар фильмдерінен құралған 5 байқау өткізіледі. Биыл фестиваль қонақтарына 60-тан астам картина ұсынылмақ.

Еске салсақ, былтырғы жылы «Жақын бір жерде» байқаудан тыс бағдарламасы аясында Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» тарихи таспасы көрсетілген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер