È

Төлеген Байтүкенов «Шала қазақ» атты фильм түсірмек

Төлеген Байтүкенов «Шала қазақ» атты фильм түсірмек

Отандық сценарист, киносыншы әрі режиссер Төлеген Байтүкенов «Шала қазақ» атты алғашқы жеке картинасының түсіріліміне дайындалуда. Бұрын Байтүкенов «Супер Баха» фильмінің қосалқы авторы мен екінші режиссері болған. «Өзгелер» қысқа метрінің режиссері, «Өмір сынағы» мен «Тайталас» хикаяларының сценаристі болып қызмет атқарған. Жаңа көркем таспасы «Қазақфильм» киностудиясының негізінде түсірілуде.

«Шала казақ» картинасы – вестерн, драма мен атыс-шабыс жанрының қоспасы. Фильмдегі хикая ауылдардың бірінде болады. Ауылға бірнеше күн бойы астыртын әрекет жасау үшін қылмыскерлер келеді. Жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұр. Қастық ойлаушыларға төтеп бере алатын жалғыз адам – учаскелік полиция.

Кинотаспаның сценарийін Төлеген Байтүкенов Инна Мукочи мен Андрей Тенмен бірігіп жазды. Авторлар түсірілім тобына қоюшы-оператор Александр Рубановты, қоюшы-суретші Берікбол Шашубаевты және продюсер Шынар Бөрібаеваны шақырды.

Басты рөлдерге Ақылхан Асылов, Дина Тасболатова және Шыңғыс Капин бекітілді. Сондай-ақ, жобаға Баходир Жалметовтың «Жал» каскадерлер қауымдастығы атсалысатын болады.

«Шала қазақ» атыс-шабыс фильмінің түсірілімі 10 тамызда басталып, Алматы облысында орналасқан Бригадир ауылында өтеді.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

7 тамыз 2017, 16:16

отлично! удачи Толеке!)

Болат Кисамбаев

7 тамыз 2017, 16:18

что-то в последнее время многие кинокритики уходят в кино) Интересно что там у Кадыпбаева получится в "Беше"?)

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер