È

Жарықты сөндіріңдер

Жарықты сөндіріңдер

Көш басында «Ледниковый период: Столкновение неизбежно» анимациялық фильмі, табысы 9 761 050 теңге. Екі аптаның ішінде әлемдік прокатта франшиза 200 миллион доллар пайда тапты, өз бюджеті 105 миллион доллар.

«Стартрек: Бесконечность» үшін картинасы үшін алғашқы апта сәтсіздеу болды. «Энтерпрайз» тобы тек 4 851 030 теңге кіріс кіргізе алды. Есептен жаңылғандар үшін: «Стартректің» бұл он үшінші толықметражды фильмі.

baq.kz «И гаснет свет» фильмінен кадр

«И гаснет свет»а бес миллионға жете алмады. Дэвид Сандбергтің режиссерлық дебютын көрермендер 4 138 470 теңгеге бағалады. Түсірілім уақыты бір жарым айға созылды, бұл қорқынышты фильм жанры үшін рекордтық уақыт.

Кевин Харт пен Дуэйн Джонсонның дуэті қазақстандық көрерменнің назарын өзіне аудартуды жалғастыруда. Олардың қатысуымен болған «Полтора шпиона» комедиясының табысы 1 914 760 теңге. Өзінің тұсаукесерлік аптасында картина 63 миллион доллар табыс тапқан болатын, сондықтан продюсерлер екінші бөлімін түсіру туралы ойға келді.

«Тарзан. Легенда» қоржынға 1 913 500 теңге салып, прокат көшбасшыларының бестігіне енді. Бұған дейін Александр Скарсгард Тарзанның табынушысы өз әкесін таңғалдыру үшін басты рөлге келіскенін айтқан болатын.

«До встречи с тобой» фильмінен кадр

«До встречи с тобой» меллодрамасының кассалық табысы 1 711 110 теңге. Лу и Уиллдың романтикалық оқиғасын экрандауға бір жылдан астам уақыт кеткен.

Блэйк Лайвлидің «Отмели» картинассы 1 009 900 теңге түсірді. Триллердің режиссеры Луи Летерье («Иллюзия обмана») болуы әбден мүмкін еді, алайдақаржылық мәселелердің шешілмеуіне байланысты режиссер жобадан бас тартқан.

Миллионға жете алмаған фильмдер «Большой и добрый великан», кассасы 994 300 теңге және «Свадебный угар», кассалық жиыны 660 500 теңге.

«Случайно беременна» фильмінен кадр

Табысы жарты миллионға жете алмаған картиналар: «Иллюзия обмана 2» - 452 500 теңге, «Светская жизнь» - 379 000 теңге, «Равные» - 303 400 теңге, «Случайно беременна» - 201 100 теңге, «Проклятые. Противостояние» - 157 700 теңге, «Заклятие 2» - 104 700 теңге.

 

Тақырып бойынша:

Көрермендермен кездесуден кейін

Қаржылай тәуелсіздер

Прокаттың үлкен аңыздары

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер