È

«Екі адамдық мақала» фильмінің саундтрегі жарыққа шықты

«Екі адамдық мақала» фильмінің саундтрегі жарыққа шықты

Отандық «Екі адамдық мақала» фильмінің «Тек сені сағындым» атты ресми саундтрегі жарыққа шықты. Туындыны әнші Айша Байбосынова орындады. Әуенін Бауыржан Бимахан, ал сөзін Құрманай Бақтияр жазды. Желіге саундтректің бейнебаяны да шығып үлгерді.

«Екі адамдық мақала» - детектив элементтері бар комедия, басты кейіпкер – жас журналист Абай. Жігіт атасы секілді танымал автор болуды армандайды. Кезекті мақаласына тақырып іздеп жүріп, ол атасының бұрынғы жазбаларын тауып алады. Жазбада қылмыс әлемінің дүлдүлі Мануш жайлы баяндалған. Абай қорқынышты ысырып тастап, атасының аяқталмаған ісіне кірісіп кетеді.

Фильм режиссері - Дархан Сәркенов, ол Рысқұл Қонақбаев және Дастан Сейітовпен бірге сценарийін де жазған.

Картинадағы рөлдерді Рысқұл Қонақбаев, Малика Елхан, Фуркат Фазиев, Рустам Сафаров, Әли Гусейнов, Еркен Губашев және Фархат Әбдірайымов сомдады.

Фильм 30 тамыз күні кинотеатрлардан көрсетіледі.

«Екі адамдық мақала» картинасының трейлері мен постерін «Бродвейден» көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер