È

«Тұран» университеті «Евразия» кинофестивалі аясында кинокөрсетілімдер өткізеді

«Тұран» университеті  «Евразия» кинофестивалі аясында кинокөрсетілімдер өткізеді

«Тұран» университетінің киноклубы - XII Eurasia International Film Festival серіктестерінің бірі. 26-30 қыркүйек аралығында кинофестиваль аясында унивеситеттің үлкен залында 10 киножоба көрсетіледі.

«Жаңа қазақстандық кино» бағдарламасына енген фильмдер аса қызығушылық туғызады, олар: Эмир Байгазинің «Жаралы періште», Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ ағашы»және Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» драмасы.

26 қыркүйек

«Амангелді» (1938) - режиссер Моисей Левиннің лентасы, 1916-1919 жылдардағы оқиғаға арналған. Қазақтардың тыл жұмыстарына шығуы туралы патшаның жарлығы ірі көтеріліске әкеп соқты. Осы ұлт-азаттық көтерілісті Амангелді Иманов басқарған еді.

Көрсету уақыты: 14:00 - 15:30.

«Амангелді» фильмінен кадр

«Жол» (2013) - режиссер Асқар Ұзабаевтың фильмі Алау деп аталып кеткен жас жігіттің тағдыры жайлы. Көше төбелесінің шебері кәсіби бокс әлеміне келеді. Мұнда жетістікке жету үшін оған күшті мінез, батылдық, қажырлы еңбек керек.

Көрсету уақыты: 16:30 - 18:00.

«Аманат» (2015) - Сатыбалды Нарымбетовтің биографиялық драмасы, мұнда еліміздің ең алғашқы тарихшыларының бірі Ермұхан Бекмахановтың тағдыры суреттеледі.

Көрстеу уақыты: 19:00 - 20:50.

27 қыркүйек

«Транссібір экспрессі» (1977) - 1927 жыл. Кеңес одағымен сауда-саттықты жандардырғысы келген кәсіпкер Сайтоны өлтіру жоспарланады. Алайда шетелдік барлаушылардың қитұрқы жоспарын кеңес чекистері бұзады. Картина режиссеры - Эльдор Уразбаев.

Көрстеу уақыты: 12:00 - 13:40.

«Шлагбаум» (2015) - Жасұлан Пошановтың әлеуметтік драмасы, лента «партизандық кино» қозғалысы аясында түсірілді. Рауан қалталылар тұратын тұрғынүй кешенінің тұрағында жұмыс істейді. Айдар - мұнайшының баласы. Екеуі екі ортаның өкілі. Бірде Рауан мен Айдардың әлемі бір-бірімен кездесіп қалады. Соңы неге әкеліп соқпақ?

Көрсету уақыты: 14:40 - 15:50.

«Иван Грозный» (1945, 1 серия) - режиссер Сергей Эйзенштейннің жұмысы. Тарихи-биографиялық фильм, лента Ұлы отан соғысы жылдары Алма-Атада түсірілген. Тек 1987 жылы ғана фильм толығымен аяқталды.

Көрсету уақыты: 17:00 - 18:35.

28 қыркүйек

«Құнанбай» (2015) - ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың әкесіне арналған фильм. Құнанбай Өскенбайұлы өте дана, рухы мықты ел билеуші болған. Оның мойнына тек мемлекеттік мәселелерді ғана емес, отбасылық мәселелерді шешу жүктелген. Режиссер - Досқан Жолжақсынов.

Көрстеу уақыты: 17:00 - 18:45.

«Жаңғақ ағашы» фильмінен кадр

«Жаңғақ ағашы» (2016) - Ғабит ауылдың жігіті, ол бірде өзінің ғашығы Айсұлуды алып қашпақ болады. Қыздың ықтиярын алған, алайда қалыңдығының ата-анасы жастардың бұл ойларынан хабарсыз. Режиссер - Ерлан Нұрмұхамбетов. Картинаның жүлделерінің бірі - XX Халықаралық Пусан фестиваліндегі New Currents («Жаңа ағымдар») секциясы бойынша Гран-при жүлдесі.

Көрстеу уақыты: 20:00 - 21:40.

29 қыркүйек

«Әдел» (2015) - Асқар Бисембиннің фильмі Бекжан есімді атақты компазитордың оқиғасын баяндайды, оның өмірінде қиын кезеңдер болады. Ол бірде күтпеген жерден өзінің көршісі Әделді музасына айналдырады. Алайда Бекжан оларға тағдырдың қандай сынақтар әзірлеп қойғанын білмейді.

Көрстеу уақыты: 14:00 - 15:40.

«Көксерек» (1973) - кинолента Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген, режиссеры Төлемұш Океев. Құрмаш атты бала қасқырдың бөлтірігін қолға үйретуге тырысады. Уақыт өте келе Құрмаш Көксеректі еркіндікке жібереді. Араға жылдар салып, Көксерек пен Құрмаштың жолдары түйіседі.

Көрсету уақыты: 16:40 - 17:20.

Жаралы періште» (2016) - Эмир Байгазиннің фильмі, ауыл балаларының ауыр тағдыры жайлы. Шағын ғана аулдың балаларының әрқайсысы әртүрлі. Олардың жасөспірімдік шағы 90-жылдардың орта тұсына сай келді, олар өздеріне таныс емес әлемде өздерін табуға тырысады.

Көрстеу уақыты: 18:00 - 19:30.

«Жаралы періште» фильмінен кадр

30 қыркүйек

«Чужая белая и рябой» (1986) - жергілікті жасөспірім Иван Найденов (лақап аты «Седой») - кептер асырауды жанындай жақсы көреді. Бірде ол аппақ кептерді ұстап алады. Седойдың бұл табысы туралы басқа ткептершілер біліп алып, оны аңди бастайды.

Көрстеу уақыты: 11:00 - 12:40.

«Игла» (1988) - Рашид Нұғмановтың фильмі, «Қазақфильм» студиясында түсірілген. Моро есімді жас жігіт Алма-Атаға оралып, ескі досы Динаның үйіне уақытша қоныстанады.Моро Динаның нашақор екенін біледі. Бас кейіпкер Динаның өзін өзі жеңе алмайтынын біліп, есірткі тасымалдаушыларының көзін жоюды ұйғарады.

Көрсету уақыты: 14:00 - 15:30.

Барлық көрстелімдерге кіру тегін.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер