È

Алматы мен Астанада «Күлтегіннің» қайырымдылық көрсетілімдері өтті

Алматы мен Астанада «Күлтегіннің» қайырымдылық көрсетілімдері өтті

Алматы мен Астанада «Күлтегін» отандық анимациясының балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық көрсетілімдері өтті. Ұйымдастырушылары – «Қазақфильм» киностудиясы, «Аяла» қоры және Алматы қаласы әкімдігі.

Мультфильм сюжеті қолбасшы Күлтегін жайлы баяндайды, ол жаудан ұлы түрік қағанатын қорғап, әйгілі империяны сақтап қалды.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Таспа режиссері Адай Әбелдиновтің айтуынша, топтың алдында басты мақсат балаларды еліміздің мәдениетіне және жеріміздің тарихына деген қызығушылығын арттыру болды.

«Картинамыз ата-бабаларымыздың батырлығы мен ерлігі, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығы жайлы баяндайды. Күлтегін – бүкіл кезеңнің тарихи тұлғасы», - деді қоюшы.

 kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Алматылық көрсетілімде кішкентай көрермендерді отандық белгілі әртістер Санжар Мәди, Азамат Қанапия, Динара Бақтыбаева, Мадина Есманова, Төлепберген Байсақалов қарсы алды.

«Күлтегін» анимациялық картинасы 22 қарашадан бастап көрсетіліп жатыр.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер