È

Алматыда «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» деректі фильмі көрсетілді

Алматыда «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» деректі фильмі көрсетілді

«Арман» киноорталығында «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» деректі фильмінің тұсауы кесілді, картина режиссері - журналист Райхан Рахым. Шетелдегі қазақтар туралы көптеген мақалалардың авторы алғаш рет жеке киносын түсірді.

«Ыстамбұлдан шыққан қазақ» фильмінің кейіпкерлері – тағдыр қалауымен отанынан жырақтап қалған қазақтар. Бұл картинада Мүфтихан ата мен Ілияс Керімнің өмірі баяндалады, кезінде олардың ата-бабалары Қытай, Гималай, Үндістан, Пәкістан елдерімен өткен екен, бірақ,тарихи отанынан орала алмай, Түркия мемлекетінде қалып қойған.

«Фильм – отбасымның хикаялық бір бөлігі. Атам кеңес билігі кезінде туған Аягөзіне оралған. Ол өте білімді, зиялы адам болған, алайда өмірінің көп бөлігінде қарапайым от жағушы болып жұмыс істеген. Себебі, биліктегілер оған сенім артпады. Жағдайға қарамастан, атам туған жерінде тұрғысы келді. Сол кісінің арқасында ата-анам және мен Қазақстанда дүниеге келдік. Атама осы жерде қалу қиынға соқты, ал мен үшін бұл өте дұрыс шешім болды. Ал Мүфтихан атаны кездейсоқ жолықтырып қалдым, ол кісі балалары мен немерелерінің Қазақстанда тұрып, өз тілі мен мәдениетін жетік білуін қалағандықтан, Түркиядағы жақсы өмірінен бас тартқан. Атаның осы хикаясы фильм түсіруіме түрткі болды», - дейді режиссер.

Досым Сәтпаев пен Райхан Рахым
Досым Сәтпаев пен Райхан Рахым

Райхан Рахымның бастамасына Досым Сәтпаевтың жекеменшік мәдени-ағартушылық қоры қолдау білдірді.

«Ыстамбұлдан шыққан қазақ» - үш адамның үлкен еңбегінің нәтижесі, олар – Райхан және қоюшы-операторлар Нұрлан Нұрбаев пен Ілия Мартынов. Топ түсірілімге бір жыл уақыт жұмсаған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса