È

Алматыда қазақ-америкалық «Әміре» фильмінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақ-америкалық «Әміре» фильмінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақ-америкалық «Әміре» фильмінің тұсауы кесілді. Картинаны алғашқы көрермендерге фильмнің режиссері Джеффи Веспа, бас продюсер Алидар Өтемұратов, актерлар Санжар Мәди мен Еркебұлан Дайыров ұсынды. Тұсаукесерге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.

«Әміре» - қазақстандық әнші әрі композитор Әміре Қашаубаев жайлы хикая. Картинада оның Парижге барып, әлемдік «Экспо-1925» көрмесінде өнер көрсеткені жайлы баяндалады. Әміре байқауда бүкіл әлемге талантын паш етіп, екінші орын алып қана қойған жоқ, сондай-ақ Мұстафа Шоқаймен кездесті.

«Біз қазақстандық кино үшін жаңа оқиғаны ашудамыз деп батыл түрде айта аламын. Картинаны шетелдік айналымға арнап түсірдік, сондықтан түсірілім ағылшын тілінде өтті. Бізге қазақ өнері мен ұлы тұлғаларымызды жаңа бейнеде, жаңа қалыпта көрсету маңызды болды. Картина шығарылымын Астанада өткен «Экспоға» орайластырғымыз келген болатын, бірақ киноөнімнің авторлық құқығына қатысты сұрақтарды реттеуге тура келді»,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Әміре Қашаубаевты сомдау бақыты бірінші түсірілім күнінен бастап-ақ, мұның мансабындағы ең жауапты рөл екенін түсінген Санжар Мәдиге бұйырды. Сондай-ақ, актерге голливудтық актерлар Эбби Корниш («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури») пен Бен Элдриджбен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.

«Бүгінде бұл менің ең күрделі әрі жауапты жобам болып табылады. Түсірілім басталмай тұрып, үш ай домбырада ойнауды үйрендім. Бұл жағынан маған жақын досым әрі үздік домбырашылардың бірі Нұржан Тәжікенов көмектесті. Әміренің ойнағанын ауқымды жоспарда түсіретін сахналардың кейбірінде Нұржанның қолын байқауға болады. Домбырада ойнаумен қатар, ноталарды қалай дұрыс қолдану керектігі жайлы екі оқытушыдан вокалдан сабақ алдым. Айтпақшы, фильмдегі Әміренің әндерін Сержан Мұсайын орындады. Дайындық кезеңі ауыр әрі күрделі болды»,- деп қоса кетті Санжар Мәди.

Картина түсірілімі 2016 жылы Латвияда, Лос-Анджелесте өтіп, Алматы облысында аяқталды. Фильм продюсерлер Кэри Гранат пен Эд Джонсонның қатысуымен, американдық режиссер Джеффри Веспаның басқаруымен түсірілді.

Фильмнің әлемдік айналымға шығатын уақыты жақын арада белгілі болады. Өмірбаяндық таспа отандық экранға 5 сәуірден бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер