È

Алматыда қазақ тіліндегі алғашқы кинофестиваль өтеді

Алматыда қазақ тіліндегі алғашқы кинофестиваль өтеді

Молл Апортта орналасқан Star cinema кинотеатры қазақ тіліне дубляж жасалған фильмдер фестивалін өткізеді. Іс-шара аясында көрерменге мемлекеттік тілге аударылған киноленталар көрсетіледі: «Стражи галактики», «Малифисента», «Тачки 2», «Храбрая сердцем», «Алиса в Зазеркалье». Фестиваль 30 наурызға дейін жалғасады

Іс-шараның ұйымдастырушылары осылайша жергілікті тұрғындарды мәдениетке бет бұруға шақырып, қазақ тілін насихаттамақ. Айта кету керек, жыл сайын қазақ тіліне дубляж жасалатын фильмдердің саны артып келеді. Көптеген картиналардың кәсіби аудармасын және дубляжын жасаусмен «Болашақ» Ассоциациясы айналысады.

«Стражи галактики» фильмінен кадр

Естеріңізге сала кетейік, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау тарихы 2011 жылы басталды, ең алғаш «Көліктер 2» («Тачки 2») аударылған болатын. Кәсіби дубляжды «Болашақ» Ассоциациясы «Меломан» компаниясымен және «Алтын Қыран» қорымен бірлесіп жасады. Екінші дубляж жасалған кинлента фантастикалық боевик «Қара киімділер-3» («Люди в черном 3»).

Барлық көрсетілімдердің билет бағасы - 300 теңге. Сеанстың ыңғайлы уақытын кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер