È

Алматыда Еуропалық кинофестиваль өтеді

Алматыда Еуропалық кинофестиваль өтеді

20-22 шілде аралығында Алматыда Еуропалық кино күндері өтеді. Кинофестиваль Қазақстандағы Еуропалық Одақ Үкіметінің қолдауымен Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында болады. Шара Риммен жазылған келісім-шарттың 60-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Фестивальді Катерина Суворованың «Ертең теңіз» фильмі ашпақ. Картинада экологиялық апатты бастан кешкен Арал ауданының тұрғындары жайында сөз қозғалады. Деректі таспа 2016 жылы неміс операторы Евгений Шлегельдің қатысуымен түсірілген. Картина халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері. Солардың арасында Чехия ХКФ-де алған «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» жүлдесін ерекше атап өтуге болады.

Еуропалық кинофестиваль 2017 бағдарламасы

Алматылықтарға Еуропалық одақ елдерінің үздік фильмдері көрсетіледі. Көрермен назарына чештік режиссері Иржи Менцельдің «Орталықтағы менің ауылым» картинасы, испан маманы Альберто Родригестің «Кішкентай арал» фильмі және румын қоюшысы Раду Габряның «Басы жоқ әтеш» туындысы көрсетіледі.

Фильмдер орыс субтитрларымен ұсынылады. Көрсетілім сағат 19:00-де басталады. Кіру тегін.

Кинофестиваль бағдарламасы туралы толығырақ Facebook-тегі @euinkz парақшасынан біле аласыздар.

 

Суреттерді Kinopark 11 IMAX Esentai-дың баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер