È

Алматыда Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмінің көрсетілімі өтеді

Алматыда Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмінің көрсетілімі өтеді

Алматыда Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмінің ашық көрсетілімі өтеді. Картина негізіне тарихи отанына оралған қазақ отбасының хикаясы арқау болған.

«Оралман» - 2014 жылы сценарийін Нұрлан Санжар жазған драма. Бірақ, киножобаның түсірілімі 2016 жылы басталған. Фильмнің басты кейіпкері - этникалық қазақ Сапарқұл, ол әкесі, әйелі және қызымен бірге Ауғанстанда өмір сүреді. Ер азамат әкесінің соңғы тілегі – тарихи отанына оралу арманын орындауға тырысады. Қазақстанға оралған Сапарқұлдың отбасы жаңа қиындықтарға тап болады.

Фильмге Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова және Баян Қажнәбиева түсті.

Айта кету керек, «Оралман» қоржынында XIII «Еуразия» ХКФ-нің «Гран-при» жүлдесі, 35-ші Фаджр Халықаралық кинофестивалінің үздік азиаттық фильм сыйлығы, сондай-ақ International Filmfestival Mannheim-Heidelberg (Германия) және Religion Today (Италия) фестивальдерінен алған жүлделері бар.

Картина көрсетілімі «Сыншылар таңдауы» киномарафоны аясында «Кино» дәмханасында өтеді. Көрсетілім сағат 18:00-де басталады.

Келем деушілерге есік ашық.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер