È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірнамалар
  • «Оралман»: Үйге оралу

«Оралман»: Үйге оралу

  • 18 Қыркүйек, 2017
  • Мадина
  • 4 222
  • 0
«Оралман» фильмі туралы пікір

Ауғанстанда тұратын қазақ отбасы тарихи отанына оралуды жөн санайды. Жанұяның басшысы Базарбай есімді қарт туған жерінде жерленуді армандайды. Оның ұлы Сапарқұл ауған соғысына қатысқан, қазір жергілікті мешітте азаншы болып жұмыс істейді. Оның әйелі мен минадан зардап шеккен мылқау қызы бар. Олар туған жерлеріндегі Жұмақты аңсап, мына жақтағы тозақтан қашуды ұйғарады...

Бұл роуд-муви емес, дегенмен болуы мүмкін еді. Кейіпкерлер мақсаттарына жылдам жетеді – шекарадан еш қиындықсыз өтіп кетеді. Келе салысымен оларды Байқоңырдың маңындағы ұмыт қалған бір ауылға жібереді. Сапарқұл күзетші болып жұмысқа орналасады, әйелі мен қызы жергілікті дәмханада ыдыс жуушы болады, ал қарттың жаны жәй тауып, бұл өмірмен қош айтысады, осы кезде төбеде ракеталар ұшып жүреді...

Картинаның суреттеу бөлімі керемет – әдемі көріністер, пейзаждар өзіне еріксіз тартады, музыка да жанға жайлы. Актерлардың ішінде ең алдымен Дулыға Ақмолда мен Ержан Түсіповты ерекше атап өтуге болады, ал қалғандары бірдей болып көрінеді. Өте сапалы түсірілген, тіпті техникалық жағы да жақсы жасалған.

Қазіргі таңда Сәбит Құрманбековтың төртінші режиссерлік жұмысы жылдың үздік отандық картиналарының бірі болып табылады. «Оралманның» әлемдік тұсаукесері Иранда Фаджр кинофестивалінде болған еді, сол жақта картина шетелдік туындылардың арасында бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, «Оралман» биылғы жылы Астанада өткен Еуразия кинофестивалінде «Гран-при» иеленген. Ал Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалінде басты рөлді сомдаушы Дулыға Ақмолда үздік актер атанды. Фильмнің фестивальді тағдыры әлі де жалғасуда, оның үстіне авторлар картинаны халықаралық айналымға шығаруды көздеп отыр (Австралия мен Италия продюсерлерінің жоспарында бар).

Дегенмен, барлық артықшылықтарына қарамастан, картина сынағыш көрермендерге ештеңе бере алмайтын сияқты. Әрине, оралмандар тақырыбы қызықты ғой, мұнда салмақты драма жасауға да болады, бірақ авторлардың тереңірек қазуға батылдары бармаған сыңайлы. Әрине, жердің қатып қалғаны және бір ғана күзетшінің қазып тастауы мүмкін емес екені түсінікті, дегенмен қолына күрек алды ма, көрді соңына дейін қазуы керек еді.

Жергілікті қақтығыстар, жергілікті әкімшілікпен қарым-қатынасы, саясат пен діни тақырыптар үстіртін ғана көрсетілген, драма жетпей тұр.

Жалпы, «Оралманда» көшіп-қонушылардың қайғылы хикаялары баяндалмайды, оның орнына үйге оралудың әдемі, мейлінше ұқыпты нұсқасы бейнеленген. Бұл - қандай болса да, адам тек Отанында ғана өз дауысына, өзіндік меніне ие бола алатынын көрсететін қарапайым кино.

Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмінің кестесі кинотеатрлар афишасында бар.

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

Оцените рецензию

  • 18 Қыркүйек, 2017
  • Мадина
  • 4 222
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама