«Оралман» International Filmfestival Mannheim-Heidelberg қатысушысы атанды
«Оралман» отандық драмасы Германияда 66-рет өтіп жатқан International Filmfestival Mannheim-Heidelberg байқау бағдарламасына енді. Кинокөрсетілім 19-қарашаға дейін жалғасады.
«Оралман» фильмі –Сәбит Құрманбековтың оралмандар туралы баяндайтын толықметражды картинасы. Сюжетте Ауғанстанда тұратын қазақ жанұясы суреттеледі. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ақсақал отбасымен бірге тарихи отанына оралуға бел буады. Кейіпкерлер қиын кезеңдерді бастап өткереді.
Отандық фильм International Newcomer Competition бөлімінде таныстырылды. «Оралманға» Аргентина, Бразилия, Израиль, Үндістан, Нидерланды, АҚШ пен Түркия елдерінен келген жұмыстар бәсекелес болады.
.jpg)
«Оралман» фильмінен көрініс
«Оралман» Иран, Татарстан және Италияда өткен халықаралық кинофестивальдерден бірнеше жүлде алған. Кинотаспа қоржынында «Еуразия» ХКФ-нің «Гран-при» жүлдесі бар.
International Filmfestival Mannheim-Heidelberg алғаш рет 1952 жылы Мангейм қаласында өткен. Байқау әлемдегі ең ескі әрі Германиядағы екінші (біріншісі - Berlinale) маңызды кинофестиваль болып табылады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін