È

«Оралман» Италиядағы Religion Today ХКФ-де «Үздік фильм» атанды

«Оралман» Италиядағы Religion Today ХКФ-де «Үздік фильм» атанды

«Оралман» драмасы ХХ Халықаралық «Religion Today» кинофестивалінің «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алды. Картина тағы бір жүлдеге, SIGNIS (Коммуникация бойынша Бүкіләлемдік католиктік қауымдастығының жүлдесі – ред.) қазылар алқасының арнайы сыйлығына қол жеткізді. Кинокөрсетілім Италияның Тренто қаласында өтті.

Режиссер әрі сценарист Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі кинофестивальдің байқау бағдарламасында таныстырылды. Қазақстандық таспаға Ауғанстан, Ұлыбритания, Ирак, Италия, Ресей, Словения және Эстония елдерінен келген 41 киножұмыс бәсекелес болды. Дауыс берудің нәтижесінде «Гран-при» жүлдесіне «Көрдіңіздер ме, мен сендер сияқтымын» итальяндық фильмі, ал үздік деректі фильм атауына «А157» ирандық картинасы ие болды.

Religion Today кинофестивалі – кино мен дінге арналған халықаралық байқау. Фестивальдің басты мақсаты – түрлі елдер мен халықтардың конфессиясы арасында мәдени диалог құру. Кинокөрсетілімнің ұйымдастырушысы - Ассоциация BiancoNero.

«Оралман» фильмі алдыңғы жолы Иран, Татарстан ХКФ-де, сондай-ақ «Еуразия» кинофестивалінде ерекше көзге түскен болатын.

Еске сала кетсек, отандық таспа халықаралық айналымға шықты. Оны Австралия халқы тамашалап, бағасын беріп үлгерді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист