È

Алматыда «Күрес» атты спорт теледрамасы түсірілді

Алматыда «Күрес» атты спорт теледрамасы түсірілді

«Ауылдастар» ситкомы арқылы танылған актер әрі режиссер Олжас Нұрбай «Күрес» атты спорт драмасын түсірді. Хикаяның негізгі түсірілімі Алматыда, жартысы Талдықорғанда өтті. Таспа телеэкранға жақын арада шығады.

«Күрес» - жас күресші жайында, ол Талдықорғандағы клубта біліктілігінен айырылған соң, Алматыға көшіп кетеді. Жаңа жерде кейіпкер барлығын қайта бастауға тырысады. Жігіт кілемдегі қарсыластарымен ғана күресіп қоймай, ең алдымен өз-өзімен, қиындықтармен күреседі.

«Жобамен айналысуды осы қыста бастадық, ал жазға таман сценарийге украиналық авторлар қосылды, солармен бірге диалогтар құрып, бірнеше сюжет желісін қостық. Басты рөлді сомдайтын актерді ұзақ іздедік. Бізге актерлік шеберлігі жоғары және физикалық дайындығы бар адам қажет болды. Таңдауымыз Ернар Себетовке түсті. Жалпы, жақсы актерлік құрам жиналды. Хикаяға жаңа бейнелер түсті деуге болады», - деді қоюшы-режиссер әрі идея авторы Олжас Нұрбай.

Көрермендер хикая кейіпкерлерінің образында Ақбота-Нұр Сейтмағамбетті, Лиза Серікованы, Бақытгүл Қалимұратқызын және Акбар Жармағанбетовті көре алады.

Жобаға қоюшы-оператор ретінде Әлібек Әмержанов және екінші режиссер Бауыржан Апарғожа атсалысты.

Хикая «НТК» телеарнасының тапсырысы бойынша Bas production компаниясымен өндірілді.

Айта кету керек, Олжас Нұрбай үшін «Күрес» екінші тележоба болып табылады. Бұрын қоюшы Qazaqstan арнасы үшін «Абысындар» хикаясын түсірген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер