È

Алматыда «Районы», «Аманат» және «Рэкетир» фильмдері көрсетіледі

Алматыда Универсиада құрметіне  «Районы», «Аманат» және «Рэкетир» фильмдері көрсетіледі

31 қаңтардан 6 ақпанға дейін Алматыда Абая атындағы алаңда, спортшыларды марапаттауға арнайы тігілген шатырда кинокештер өтеді. Алматылықтар мен қала қонақтарына отандық кинокартиналар көрсетіліп, фильмнің актерлері мен, режиссерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

31қаңтарда сексенінші жылдар туралы «Районы» драмасы көрсетіледі. Ақан Сатаевтың жаңа драмасы басқа мектепке ауысып келген жоғары сынып оқушысы Арсен жайлы.Жас бала жаңа адамдармен, «район» заңдарымен танысады. Фильмге Елтерес Нқржанов, Марйам Сатаева, Шәріп Серік, Әсел Сағатова, Әзиз Бейшеналиев, Жандос Айбасов және басқалар түсті.

1 ақпанда Егор Кончаловскийдің «Возвращение в «А» фильмі ұсынылады. Сюжетте телевизионшы мамандар тобы деректі фильм түсіру үшін Ауғанстанға аттанады. Жас жігіттермен бірге Марат Аюмов еріп барады, ол бір кездері осы жерде соғысқа қатысқан. Сапар кезінде бұрынңһғы сарбаздың Ауғанстанға қайта баруының себебі бар екені анықталады. Картинада Наталья Аринбасарова, Карлығаш Мұхамеджанова, Арман Асенов, Берік Айтжанов және басқалар ойнады.

«Возвращение в «А» фильмінен кадр

2 ақпанда көрерменге «Выставка чудес», анимациялық фильмі ұсынылады, бұл «EXPO-2017» көрмесі жайлы фильм. Ммультфильмнің өндірісімен Kazakhstan Computer Graphics студиясы айналысты. Бірінші сынып оқушылары - Арман, Әлия және Жомарт - ЭКСПО-қалашыққа аттанады. ГКейіпкерлерді салмақты сынақтар мен қызықты жаңалықтар кұтіп тұр.

3 ақпанда қонақтар «Адасқандар» фильм-триллерін көре алады. Қоюшы-режиссеры - Ақан Сатаев. Басты кейіпкер әйелімен, ұлымен бірге алыс сапарға аттанады. Олар адассп қалады да, көлікте түнеулеріне тура келеді. Таңертең жігіт көлікте жалғыз өзі оянады, жан-жағына қараса, әйелі мен баласы жоқ. Жақындарын алас ұрып іздеген жігіт бір үйге кез болады, онда шал мен жас қыз тұрады екен. Олардың өздеоін біртүрлі ұстағандарынан жігіт секем алады. Рөлдерде: Тұңіышбай Жаманқұлов, Ільяс Садыров, Алексей Храменков, Дәулет Абдығапаров.

4 ақпанда режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» тарихи драмасы көрермен назарына ұсынылады. Кинолента қазақ тарихшысы Ермұқан Бекмахановтың тағдыры жайлы, ол өзінің саналы ғұмырыны Кенесары ханды зерттеуге арнаған. Түсірілімге Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Азиз Бейшеналиев, Санжар Мәдиев және басқалар қатысты.

«Аманат» фильмінен кадр

5 ақпанда кішкентай көрермендер үшін кіші-гірім мереке. Дәл осы күні қазақ батырлары жайлы «Батырлар» анимациялық фильмі көрсетіледі.

6 ақпанда Ақан Сатаевтың «Рэкетир» криминалды драмасы көрсетіледі. Бас кейіпкер Саян - болашағынан үміт күттіретін боксшы. Ол өз болашағын жарқын ету мақсатында криминал әлеміне кіріп кетеді. Басты рөлдерде: Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Төлепберген Байсақалов, Мұрат Бисенбин және басқалар.

Барлық көрсетілімдердің басталуы - 18.30-да. Кіру - тегін.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер