Арменияда Қазақстан киносы апталығы басталды
Арменияның астанасы Ереванда Қазақстан киносы апталығы өтуде. Фестиваль Қазақстан мен Армения Республикасының дипломатиялық достығына 25-жыл толуына орай өткізіліп отыр. Шара 22-қыркүйекке дейін жалғасады.
Бірнеше күн бойы шетелдік көрерменге отандық режиссерлардың үздік туындылары көрсетіледі. Фестивальді Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі ашты.
19 қыркүйек күні Рүстем Әбдірашевтің «Сталинге сыйлық» картинасы көрсетіледі. Фильм қазақ ауылына жер аударылған Саша есімді жетім еврей бала туралы баяндайды. оқиға өткен жүзжылдықтың 50-жылдары болған.
20 қыркүйекте кинематографистің басқа жұмысы – «Балалық шағымның аспаны» картинасы ұсынылады. Кинотаспа Нұрсұлтан Назарбаев туралы кинокезеңнің бірінші бөлімі, ол жақта көшбасшының балалық шағы мен жасөспірім кезеңі суреттелген.
«Шал» фильмінен көрініс
21 қыркүйек күні фестиваль қонақтарына Сергей Бодров, Талғат Теменов және Иван Пассер түсірген «Көшпенділер» тарихи таспасы көрсетілмек. Басты кейіпкер - Мансұр, халық арасында XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берген қолбасшы Абылай хан есімімен танымал.
22 қыркүйекте Эльдор Оразбаев түсірген «Транссібір экспрессі» ұсынылады. Картина барлаушы Чадьяровтың шытырманға толы оқиғаларын баяндайды, оны Халық әртісі Асанәлі Әшімов сомдады.
Фильмдер көрсетілімі «Мәскеу» кинотеатрында орыс тілінде берілуде.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін