È

Астанада театр әлеміне арналған фильм түсірілді

Астанада театр әлеміне арналған фильм түсірілді

Максим Горький атындағы академиялық театрдың актеры Санжар Рахимов «Храм» деп аталатын қысқаметражды фильм түсірді. Режиссерлық дебютін жас жігіт театрға арнапты.

«Храм» - театр тарихы, оның адам жанын емдей алатын сиқырлы күші жайлы фильм. Театр – өз өміріңді сахна сыртында қалдырып, кейіпкердің өміріне еніп кетуіңе мүмкіндік беретін киелі орын. Театр актеллері ғарышкерлер секілді: дайындық кезінде олар кейіпкерінің образына ену үшін скафандр киіп алатындай және көрермендермен бірге ғарышқа аттанады», - дейді өз таңдауы жайлы Санжар.

Фильм Астанадағы орыс драма театрында 5-7 ақпан апралығында түсірілді. Оператор және дыбыс режиссеры ретінде түсірілімге Бекентай Әжібеков қатысты, ал ерекше музыкасын жазған ресейлік композитор Сергей Черемисинов.

Басты рөлдерді орындаған театр актерлері Максим Ященко және Айжұлдыз Бағланова, олар үшін «Храм» кинодағы дебюттары.

Режиссердың айтуынша, картинаны халықаралық және өңірлік байқауларға қатыстыру жоспарда бар.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Ангелина Максимюк

25 тамыз 2020, 18:01

Можно где-нибудь посмотреть данный фильм?

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер