È

Астанада «Eurasia film market» кинонарығы өз жұмысын аяқтады

Астанада «Eurasia film market» кинонарығы өз жұмысын аяқтады

XIII «Еуразия» ХКФ-де Еуропа, ТМД, Америка, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея елдерінен келген өкілдердің қатысуымен «Eurasia film market» алғашқы кинонарығы болып өтті. Кәсіптік алаңқайға 60 шетелдік және 100 отандық қонақ қатысты. Шара Астанада 23-25 шілде аралығында өткен.

Eurasia film market аясында киноөндірістің өзекті мәселелеріне арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар «Маркетинг және қазақстандық фильмдерді шетелдерге таныту» панельді пікірталасында, «Авторлық құқықты қорғау мен қарақшылық» дөңгелек үстелінде және Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріндегі киноайналым жағдайына арналған таныстырылымда болды. Аяқталуға жақын отандық 8 картинаны таныстыру ерекше шаралардың біріне айналды.

Жобаларды таныстыру мен дөңгелек үстелдерден бөлек, кинонарықта ресейлік режиссер Алексей Петрухиннің және продюсер Анна Гудкованың шеберлік сыныптары өтті. Екі маман да Қазақстанның әлемдік кинонарықта үздік атануына толық мүмкіндігі барын, ол үшін ішкі нарықты дамытып, отандық киноны көбейту қажеттілігін атап кетті.

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында болып отыр. Көлемді шара және ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен Ұлттық кинематография өнері мен ғылымы академиясымен өткізілді.

Суреттерді «Еуразия» кинофестивалінің баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Төлеубек Аралбай

Актер