È

Еліміздің кинотеатрларында отандық кинолар апталығы басталды

Еліміздің кинотеатрларында отандық кинолар апталығы басталды. Қазақстан киносы

27 сәуірден бастап 4 мамырға дейін Алматы мен Талдықорган қалаларында отандық кино апталығы басталады. Екі қаланың тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан режиссерларының жаңа фильмдері ұсынылады. Киномарафонға Алматыдағы Kinopark 4 Globus, Cinemax 3D, Chaplin Mega Park, Chaplin ADK және Талдықорғандағы Kinoplexx 3D кинотеатрлары қатысады.

Кинокөрсетілім бағдарламасына 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында айналымға шыққан 8 фильм кірді.

Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Келинка тоже человек» және «Гламур для дур» комедиялары.

Картина енесімен бірге тұратын келіннің қиындыққа толы өмірін баяндайды. Екеуі де бір-бірін түсінуден бас тартады, ақыр аяғында таңғажайып бір құбылысқа тап болып, кейіпкерлердің рухтары бір-біріне ауысып кетеді. Фильмге Әсел Сәдуақасова, Данияр Алшынов, Данагүл Темірсұлтанова, Әбунасыр Серіков қатысты. Картина жалпы ұлттық айналымға 2017 жылдың 23 ақпанында шыққан.

«Келинка тоже человек» фильмінен көрініс

«Гламур для дур» - 18 жасар Ұлжанның қызықты оқиғаларын баяндайтын Асқар Ұзабаевтың тағы бір туындысы. Бойжеткен мектеп бітіре сала, ауылдан қалаға қарай туған әпкесі Бибігүлге барады. Алайда, әпкесі Ұлжанды жылы қарсы алмайды. Кейіпкер бір күні ғаламтор жұлдызы болып оянады. Сол кезде әпкесі Бибігүлдің оған деген қарым-қатынасы мен қоғам пікірі өзгереді деп ойлайды. Фильмге Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Әсел Акбарова, Дәурен Айдарқұлов қатысты. Комедия 2016 жылдың 1 желтоқсанында айналымға шыққан болатын.

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы

Фильм өткен жылдың күз мезгілінде экранға шықты. Кино туынды аналық махаббат, шыдамдылық пен күш-жігер туралы. Басты рөлдерде Әділ Ахмет, Аружан Жазылбекова және Алтынай Нөгербек ойнады. Драма қоржынында бірнеше мәртебелі жүлделер бар, олардың арасынан «Тұлпар» ұлттық жүлдесі, «Сыншылар таңдауы-2017» киножүлдесі, «Еуразиялық көпір» кинофестивалінен «Гран-при» және Қырғызстанның «Ақ ілбіріс» ұлттық жүлдесінің сыйлығы секілді маңыздыларын атап өтуге болады. Туындының тұсаукесері 2016 жылдың 29-қыркүйегінде болған.

«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс

Жеңісхан Момышевтың «Бизнес по-казахски» комедиялық таспасы

Картина Нұрлан Қоянбаевтың алғашқы продюсерлік кино жобасы, сондай-ақ фильмде өзі басты рөлді сомдады. Сюжет бойынша Жомарттың мұрагерліктен қалған кішкентай қонақ үйі болады, алайда оның қаржылық қиындықтарға байланысты жабылып қалу қаупі бар. Инвесторлармен маңызды келіссөздер жүргізіліп жатқанда, барлық қызметкерлер жұмыстан шығып кетеді. Кейіпкерге туыстары көмекке келеді. Картина тұсаукесері 2016 жылдың 27-желтоқсанында болған.

Сонымен қатар, Қазақстан киносы күндері аясында режиссер, актер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың төрт жобасы көрсетіледі. Көрермендер өткен жылдың күзінде жарыққа шыққан «Тараз» драмасын, «Побег из аула. Операция «Махаббат» комедиясын және «Келінка Сәбина» картинасының екі бөлімін тамашалай алады.

Отандық фильмдердің көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Алина

28 апреля 2017, 09:59

Жаль, что не во всех кинотеатрах страны одновременно стартуют показы =(

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса