È

«Айдаһарлардың әміршісі» анимациясы прокатқа шықты

«Айдаһарлардың әміршісі» анимациясы прокатқа шықты

отандық көрерменнің қуанышына орай «Повелитель драконов» анимациясы прокатқа шықты, мультфильм қазақ тіліне дубляж жасалған. Kinotechnology компаниясы жасаған мультфильмнің қазақша атауы «Айдаһарлардың әміршісі»деп аталады.

«Айдаһарлардың әміршісі» («Повелитель драконов») - Никита Кожемяк деген бала жайлы украиндық мультипликациялық фильм. Өзінің кішкене жасына қарамастан ол батылдық танытып, аузынан от шашқан айдаһармен айқасуға дайын.

Актер Чингиз Капин

Шытырман оқиғалы фильмнің кейіпкерлері келесі актерлердің дауысымен қазақша сөйледі: «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Дінмұхамед Дәулетов, актер Ерден Телемісов, Чингиз Капин, Виктор Бондарев, әнші Ева Бехер және Ару Әуезова, сондай-ақ кішкентай актриса Әмина Малғаждар.

«Менің кейіпкерім - Эди атты жарқанат. Оның ерекшелігі – жылдам сөйлейді. қазақ тілін 100 пайыз білетін мен үшін жылдам әрі анық сөйлеу қиынға соқты. Сондай-ақ жылдам сөйлеп қана қоймай, актер ретінде ойнау керек болды. Егер мінездердің ұқсастығына келер болсақ, ол екеуміз 70-80% ұқсаймыз. Ол да бірдеңе оайлап табуды, жасауды армандайды, бірақ ойы әрдайым жүзеге аса бермейді. Бірақ ол ешқашан мойымайды, арманына ұмтыла береді. мен үшін дубляж – өмірімдегі жаңа тәжірибе. Осы іске қабілетім бар екенін өзім де білмеппін. шынымды айтсам, дубляжда тағы бір рет өзімді сынап көруге деген ойым бар» - дейді Ару Әуезова.

«Айдаһарлар әміршісі» мультфильмінен кадр

«Айдаһарлардың әміршісі» көрерменді арнайы жазылған саундтректермен де қуантады, орындаушылары «Лампы Оркестра» тобы және Дінмұхамед Дәулетов пен Ева Бехердің дуэті.

Қазақстаннан басқа анимациялық картина Польша мен Түркияның кинотеатрларында көрсетілуде. Сондай-ақ Вьетнамда, Венгрияда, Латвиядв, Литвада, Ресейде және Эстонияда көрсетіледі деп жоспарлануда.

 

Александра Терпиловская

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер