È

Румынияда қазақ киносының Екінші фестивалі өтті

Румынияда қазақ киносының Екінші фестивалі өтті

Румынияда, Клуж-Напока қаласында қазақ киносының Екінші фестивалі өтті. Шараның ұйымдастырушылары «Қазақфильм» киностудиясы, Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі және ҚР құрметті консулдығы болды.

Фестиваль көрермендеріне Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол» картиналары, Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» таспасы, Сәбит Құрманбековтың «Оралманы» және Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі көрсетілді.

Кинофестивальдің ашылу салтанатында ҚР Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашев отандық фильмдерді румындық көрермендерге таныстыру – екі ел арасындағы рухани байланыстың дамуына және халықаралық қарым-қатынасты қолдауға бағытталған тікелей жол екенін атап өтті.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Шара қонақтарының алдында актер Асылхан Төлепов те сөз сөйледі, ол «Жаужүрек мың баланың» қалай түсірілгенін айтып берді. Сонымен қатар, актер осындай шаралардың арқасында румындық кинобағалаушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен таныса алатынын айта кетті.

Одан бөлек, қазақ киносының фестивалі Румынияның ірі теңіз порты - Констанцада өтті, мұнда «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Сталинге сыйлық», «Біржан Сал» және «Жат» фильмдері көрсетілді.

Румындық көрермендер отандық фильмдерден шабыттанып, қазақстандық режиссерлардың сапалы жұмысын бағалады. Сондай-ақ, жергілікті басшылық тарапынан екі елдің әртістері қатысатын біріккен шара өткізу жайлы ұсыныс түсті.

Еске салсақ, қазақ киносының фестивалі алғаш рет Румынияда былтырғы қарашада өткізілген болатын.

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер