È

Венецияда жаңа қазақстандық фильмдер көрсетілді

Венецияда жаңа қазақстандық фильмдер таныстырылды

Венецияда жаңа қазақстандық картиналар трейлерінің таныстырылымы өтті. Көрсетілім Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің дирекциясы ұйымдастырған «Өзіңіз үшін Қазақстанды ашыңыз: аудиовизуалды дамудың жаңа шекаралары» арнайы шарасының аясында өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ANICA итальяндық компаниясы қолдау білдірді.

Шетелдік көрерменге келесі кинотаспалардың трейлерлері көрсетілді: Ермек Тұрсынов - «Жат», Ақан Сатаев«Она» және «Анаға апарар жол», Рүстем Әбдірашов«Алмас қылыш», Қуат Ахметов – «Әруақ», Жаңабек Жетіруов - «Шыңырау», Болат Қалымбетов - «Талан», Джефф Веспа«Әміре», Сәбит Құрманбеков - «Оралман», Талғат Теменов «Біздің қаланың ханзадасы» және Эмир Байғазин«Өзен».

Шараға Италияның Қазақстандағы Сауда палатасының хатшы-кеңесшісі Савина Корсари, ANICA итальяндық компаниясы Халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабиле, Rai телекомпаниясының өкілі Карло Жантиле және Италия мәдениет министрлігі, сондай-ақ қазақстандық киноқайраткерлер: актриса Самал Еслямова, режиссерлар Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев және Талғат Теменов, актерлар Санжар Мәдиев, Шыңғыс Қапин және жас режиссер Асқат Кучинчиреков.

Таныстырылым соңында Rai телекомпаниясының басшылығы көрсетілім үшін бірнеше картиналарды алуды ұйғарды. Арна өкілі Карло Жантиленің пікірінше, қазақстандық кинематограф әрқилы және оны міндетті түрде түрлі әлемдік алаңдарда таныстыру қажет.

Айта кету керек, қазір «Сәттілік құдайы» итальяндық-қазақстандық жобасы дайындық барысында, оның қойылымымен режиссер әрі актер Тоқтар Қарсақбаев айналысып жатыр.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер