«Саташ» вестерні көрсетілмек

1 қараша күні айналымға «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Саташ» отандық вестерні шығады. Фильм режиссері – Төлеген Байтөкенов, қоюшы-операторы – Александр Рубанов.
Сюжетте полицей Саташ, ол жалғыз өзі туған ауылын басып қалған бұзақылардан құтқарады. Тек сол ғана отандастарын зұлымдық пен қанаудан құтқара алады.
Картинадағы басты рөлдерді Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Шыңғыс Қапин және Ержан Нүсіпақынов сомдады. Экшн-көріністерге командиры Баходир Жалметов болып табылатын «Жал» Каскадерлар қауымдастығындағы топ атсалысты.
Фильм Алматы облысы, Бригадир ауылында түсірілген.
Картина сценарийін Төлеген Байтөкенов, Инна Байтөкенова және Андрей Тен жазды.
Еске сала кетсек, өткен жолы «Саташ» Варшава кинофестивалінің байқау бағдарламасына енген болатын.
Превью: mix.tn.kz
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін