È

«Алтыншы бекет» әскери фильмі экранға шықты

«Алтыншы бекет» әскери фильмі экранға шықты

Еліміздің кинотеатрынан «Алтыншы бекет» әскери-патриоттық фильмі көрсетіле басталды. Шынайы оқиғаларға негізделген картина сарбаздар мен офицерлеріміздің батырлығын баяндайды.

Картинаға 2010 жылы Маңғыстау облысындағы қатаң тәртіптегі колониядан қашып кеткен тұтқындар арқау болған. Сол кезде қатардағы жауынгер Ербол Отарбаев қашқындарды тоқтатуға тырысқан.

Таспаны «АЮ Синема» компаниясы ҚР Ұлттық ұланының қолдауымен және «Хабар» агенттігінің серіктестігімен түсірді.

«Тобымыз киноны түсіріп жатқан кезде, ең алдымен көрермендерді ойлады. Оларға фильмнің ұнағанын, айтар идеямыздың түсінікті әрі қызықты болуын қаладық. Картинаның біз таңдаған форматы – голливудтық блокбастер емес. Біз оған талпынбадық та. Шынайы кейіпкерді, адам оқиғасын көрсеткіміз келді. Фильмде көркемдік қиял да болды. Хикаямыз көрермендердің есінде қалуы үшін, бірнеше кейіпкерлер мен махаббат желісін қостық», - деді таспа режиссері Серікбол Өтепбергенов.

Басты рөлді сомдайтын актерларды ұзақ іздеген. Нәтижесінде, фильмге Санұржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбек, Серік Салқынбаев, Саят Исембаев, Ғани Құлжанов, Ерболат Тоғызақов және т.б. түсті.

Болған оқиғаны экранға шығару идеясы Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатовқа тиесілі.

«Фильм кейіпкерлері – жас жігіттер, олар отанын қорғау үшін қажет кезде ойланбастан шайқасқа түсе білді. Маған: «Біздің жастарымыз қандай?» деген сұрақ қойған кезде, әрдайым олардың керемет екенін айтып отырамын! Тек оларға қолдау көрсетіп, көмектесіп, бірге жұмыс істеу керек. Кино арқылы да тәрбиелеуге болады, сондықтан қазір тәжік-ауған шекарасында қаза болған жігіттеріміздің құрметіне түсірілетін келесі фильм жайлы «Хабар» телеарнасымен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деп бөлісті генерал-майор.

«Алтыншы бекет» фильмінің түсірілімі Алматы облысында өтіп, 2 айға созылды. Картина түсірілімі кезінде Ұлттық ұлан ұсынған шынайы әскери техника қолданылды.

«Алтыншы бекет» фильмінің трейлерін мына жерден көруге болады.

Картина кестесін «Бродвей» афишасынан көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер