È

«Аға ма әлде неке ме?» фильмінің екінші саундтрегі

«Аға ма әлде неке ме?» фильмінің екінші саундтрегі

Corich production «Аға ма әлде неке ме?» фильмінің екінші саундтрегін ұсынды. Картинаның музыкалық сүйемелдеуі композитор әрі әнші Ренат Гайсинның орындауындағы «Сүйемін» лирикалық әні болды. Әннің сөзін Мирас Қадырмұрат жазған.

«Аға ма әлде неке ме?» фильмі – Айдар мен Гаухар туралы баяндайтын комедиялық хикая. Жас жұп үйленуге шешім қабылдайды, оларға ешкім кедергі келтірместей көрінеді. Бірақ, барлығы оңай болмайды. Гаухардың бес ағасы қарындастарының таңдауымен келіспейді. Айдар кез-келген жолмен ғашығының ағаларының жүрегіне жол тауып, өзі туралы қарсы пікірді өзгертуге тырысады.

«Сүйемін» бейнебаянынан көрініс

Айта кету керек, таспа режиссер Ернар Нұрғалиевтің толық метрдегі дебюті болып табылады. Картинаға Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин, Әбунасыр Серіков, Мұрат Бисенбин, Бауыржан Қаптағай, Тәуекел Мүсілім түскен. Сонымен қатар, түсірілімге танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров арнайы шақырылды.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы Кәмшат Жолдыбаеваның орындауындағы «Тағы да сүй» атты тағы бір саундтрек таныстырылған болатын.

«Аға ма әлде неке ме?» фильмінің тұсаукесері 26 қазанда болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса