Қанат Бейсекеевтің «Қарапайым Сабуров» атты жаңа фильмі жарыққа шықты

Желіде Қанат Бейсекеевтің «Қарапайым Сабуров» атты деректі фильмі пайда болды. Таспа кейіпкері - ресейлік Stand Up телешоуының танымал қатысушысы қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров.
Фильм түсірілімі бір жарым жыл бұрын өткен. Картина Мәскеуде, Лас-Вегаста, Алматы мен Астанада және Нұрлан Сабуровтың туған жері Степногорскта түсірілді.

«Екі жыл бұрын Нұрланмен Мәскеуде өнер көрсетіп жатқан кезінде таныстым. Кейін, екеуіміз қазақстандық әзілкештің өмірін баяндайтын фильм түсіруді ұйғардық. Фильм екі жыл бойы түсірілді, арасында гастрольдерге, туған жерге барған уақытта үзілістер болды. Нәтижесін өздеріңіз көріп, бағалай жатарсыздар», - деп жазды Қанат Бейсекеев өзінің Facebook-тағы парақшасына.
23 минуттық картинада Сабуров балалық шағы, жарымен қалай танысқаны және әзілдері жайлы баяндайды. Алайда, фильм белгілі әзілкеш пен Stand Up шоуы жайлы ғана емес, Қазақстан өнеріндегі жаңа толқын туралы да әңгімелейді.
.jpg)







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
16 мамыр 2018, 23:03ну это короткометраж, всего лишь ролик. о карьере и моментах жизни яркой звезды на сцене. А долго ли будет сиять - это публика будет решать. Смех затем и слезы.