È

«Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің саундтрегі жарық көрді

«Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмінің саундтрегі жарық көрді

Желіге «Миымды ашытпаңыздаршы!» отандық фильмінің саундтрегі жарыққа шықты. Музыкалық шығарманың композиторы Наталья Бейсенова болды, ал аранжировкасымен Иван Ткаченко айналысты.

«Миымды ашытпаңыздаршы!» - режиссер әрі сценарист Джами Бейсеновтың 2016 жылы түсірген комедиялық фильмі. Оқиғада Жанель суреттеледі, оның әкесі Шри-Ланкада қиындықтарға тап болады. Әкесін құтқару үшін бойжеткен тропиктік өлкеге аттанады, оған банк қызметкері Мақсат қосылады. Фильм кейіпкерлері мен көрермендер бұл саяхатты мәңгіге есте сақтап қалады.

Басты рөлдерде Жібек Жаппасбаева мен Фархат Құлбаев дебют жасады. Таспаға сондай-ақ, Төлепберген Байсақалов пен Ерден Телемісов түсті.

Айта кету керек, фильмнің жалғасы болады. Авторлардың айтуынша, екінші бөлімі «Миымды жүктемеңіздерші!» болмақ.

«Миымды ашытпаңыздаршы!» комедиясының тұсауы 25 сәуірде кесілді. Ауқымды айналымға фильм 26 сәуір күні шықты.

Көрсетілімнің ыңғайлы кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер