È

XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өз есігін айқара ашты

XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өз есігін айқара ашты

Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында XIV Шәкен Айманов ХКФ-нің ашылу салтанаты өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да салтанатты кешке қатысып, сөз сөйледі:

«Риза болу деген тамаша сөз бар ғой. Асанәлі аға өмір бойы Шәкен Айманов есімі ұмытылмас үшін барлығын жасап келеді. Фестивальдің осы тамаша театрда өтіп жатқанына қуаныштымын. Ұлы Шәкен Айманов шығармашылық жолын осында актер, кейін бас режиссер ретінде бастағанын барлығымыз білеміз. Кейін келе, ол «Қазақфильм» киностудиясының басшысы болды. Баршаңызды кинофестивальдің ашылуымен құттықтаймын».

Кинофестивальдің өз қорғаушысы – қасиетті ағаш пайда болды. Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ермек Тұрсынов, Асанәлі Әшімов, Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ағаш бұтақтарына ақ мата байлап, шараға баталарын берді.

Айта кетсек, Асанәлі Әшімов пен басқа да ұйымдастырушылардан бөлек, қызыл кілемшеден әр елден келген режиссерларды, қатысушы фильмдердің шығармашылық тобын, қазақстандық және шетелдік кино жұлдыздарын көруге болады.

XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің осы және басқа да жаңалықтарын фоторепортаждан тамашалаңыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса