È

«Оралман» фильмінің жабық көрсетілімі

 «Оралман» фильмінің жабық көрсетілімі

Алматыда Bekmambetov cinema кинотеатрында толықметражды «Оралман» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картинаны түсірген «Қазақфильм» АҚ мен «Қадам» кинокомпаниясы. Іс-шараға фильм режиссеры Сәбит Құрманбеков, сценарий авторы Нұрлан Санжар, композитор Айдос Сагат, қоюшы-оператор Рустам Одинаев, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Бекболат Шекеров және кинематографист, «Қадам» кинокомпаниясының басшысы Дәрежан Өмірбаев қатысты.

«Бұл фильмді түсіруге түрткі болған тек қана Нұрлан Санжардың сценарийі ғана емес, репатриация жайлы көптеген мақалалар. Осындай мақалалардың біріндегі Ауғанстанда кеңес одағы үшін соғысқан кейіпкер біздің басты персонажымызға негіз болды.Отанға оралу - қай заманда да өзекті тақырып болған. Және бұл туралы баспасөз немесе кино арқылы болса да айтылу тиіс. Осы тақырыпты көтеру керек, біз өзіміздің жобамызда тақырыпты қозғауға тырыстық», - дейді Сәбит Құрманбеков.

Авторлардың айтуынша фильмнің идеясы қарапайым - Отан тарихы.

«Сценарий 2014 жылы дайын болған, бірден қаржыландырылды. Алайда ағымдағы жұмыстар мен жоғарыдан келетін тапсырмалар бар. Сәбит Құрманбеков дарынды қоюшы-суретші болғандықтан оған мемелкеттік тапсырыспен түсірілім жатқан фильмдерге көмектесуге, соның ішінде «Қазақ елі» картинасына көмектесуге ұсыныс жасалды. Бір жобадан кейін екінші жоба, осылайша арада бір жыл өтіп кетті. Сәбиттің өз фильмін түсіруге уақыты болмай кетті. Уақыттың тығыздығына, бюджеттің аздығына, қыстың ызғарлы күндеріне қарамастан «Оралман» түсірілді. осы орайда түсірілім тобын құттықтаймын», - деді кинодраматург Нұрлан Санжар.

Пресс-показ фильма «Оралман»

Көркем фильм Тәжікстанда және Алматы облысы Сарыөзек ауылында қыстың ызғарлы күндерінде түсірілді. Алайда басты рөлді сомдаған Дулыға Ақмолданың айтуынша, қолайсыз ауа райы да, уақыттың тығыздығы да түсірілімге кедергі бола алған жоқ. Өйткені түсірілім тобы оқиғаға толықтай беріліп кеткен.

«Оңай болды, қиын болды деп айта алмаймын. Актердің кез келген жұмысының өзіндік қиын тұстары болады. Сценарийді оқығаннан кейін мен өз персонажымның образын жеткізуге тырыстым. Менің кейіпкерім - біреудің ұлы, біреудің әкесі, отбасының басшысы. Көрермендер біздің еңбегімізді бағалайды деп үміттенемін», - деді актер.

«Оралман» кинолентасының атауы біраз дау тудырғаны рас.

«Фильмі «Оралман» деп атауды мен ұсындым. Алғашқы уақытша атауы «Төретам» болатын, бұл атау мүлде түсініксіз. Мұның мағынасы мен аудармасын білетіндер аз. Ал «оралман» дегенде әңгіме басқа. Картинаның табысты болуына фильмнің атауы да маңызды рөлге ие екенін түсінуіміз керек. Алдағы прокатты да ойлауымыз керек, сондықтан жобамыз осындай көзге түсерлік атаумен аталды», - дейді кинематографист Дәрежан Өмірбаев.

Қазіргі таңда көркем лента «А» класындағы халықаралық фестивальдарға қатысуға әзірленуде. Алғашқысы Берлин кинофестивалі. Алайда картинаны түсіргендер «Оралманның» тұсаукесері Қазақстанда болады деп отыр. Сондай-ақ фильм қазақ диаспорасы тұратын елдерде де көрсетілмек.

Қазақстандық прокатқа Сәбит Құрманбековтың фильмі келесі жылы шығады.

 

Фотоларды «Бродвей» кинопорталының серіктесі «Тұран» университеті үсынды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер