È

«Қараман» фильмінің түсірілімі аяқталды

 «Қараман» фильмінің түсірілімі аяқталды

Жақында «Қараман» деп аталатын жаңа толықметражды фильмнің түсірілім аяқталды. Картинаға режиссерлық еткен Азамат Мағазумов, қоюшы-оператор - Әлібек Беркінбаев, сценарийді жазған Мейірманом Абдраимов. Идея авторы - актер Марат Абдуллаев, бас продюсер - Мұрат Бекмұратов.

Бас кейіпкер Арман із-түссіз жоғалып кеткен археолог әкесін іздейді, әкесі «Қараман» алтын мүсінін іздеп тауға кетіп қалған болатын. Достарымен бірке кейіпкер қауіпті сапарға шығады. авторлардың айтуынша, картинада мистиканың элементтері бар, криминал және шытырман оқиға жанры аралас, бұл көрермендерге өте қызық болмақ.

Режиссер Азамат Мағазумов

«Жоба менің тәжірибеден өтуіме септігін тигізді: біз өте қысқа мерзімде, экстремалды жағдайда жұмыс істедік. біздің фильм қазақстандық көрерменге қызық боады деп ойлаймын. Көрермендеріміз шетелден табылып жатса, оған да қарсы емеспіз», - дейді Азамат.

Фильм екі аптада Түрген шатқалында түсірілді. Фильмнің түсіріліміне Дәстен Шәкіров, Марат Абдуллаев, Айжан Байзақова, Марат Абайділдә, Шыңғыс Мұстафин және Дархан Арынов қатысты.

Бүгінде «Қараман» лентасы пост-продакшн кезеңінде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер