«Районы» фильмінің түсірілімі аяқталды
Ақана Сатаевтың «Районы» фильмінің түсірілімі аяқталды. Өткен ғасырдың 80-жылдарындағы Алма-Ата туралы картинаның түсірілімі бір жарым айға созылды.
Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында атқарылған жұмыс үшін түсірілім тобына алғыс білдірді. Режиссер атап өткендей лентаның сәтті шығуы команданың әр мүшесінің жұмысына байланысты.

«Түсірілім жоспар бойынша жүрді, ешқандай форс-мажор болған жоқ. Біз түсірілім барысына және түсірілген материалға көңіліміз толады. Прокатқа қыркүйекте шығадып деп жоспарлап отырмыз», - дейді картинаның продюсері Әлия Меңдіғожина.
Естеріңізге сала кетейік, фильм авторлары екі ай бойы басты рөл мен қосымша рөлдерге актерлерді іріктеді. Нәтижесінде жас әрі дарынды актерлер: Эльтерес Нұржанов, Шәріп Серік, Женіс Омаров, Данияр Алшынов, Сануржан Сүлейменова және басқалар таңдалды.
«Районы» фильмі пост-продакшн кезеңінде.
Тақырып бойынша:
«Районы» картинасның фоторепортажы






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін