È

Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының «Таурус» жүлдесіне үміткер

Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының «Таурус» жүлдесіне үміткер

Трюктерді қоюшы әрі Nomad Stunts каскадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов «Таурус» жүлдесіне үміткерлер тізіміне енді. Әлемдік каскадерлар академиясының мәртебелі жүлдесі кинодағы үздік трюктер үшін беріледі. Тарихта алғаш рет үміткерлер арасына Қазақстан азаматы ілінді.

«Таурус» жүлдесі – трюкті кинотуындыларға өз үлесін қосып жүрген каскадерлар мен актерларды, экш жанрындағы режиссерлерді марапаттау мақсатымен өткізілетін жыл сайынғы шара. Үміткерлер бас жүлде –Таурус қанатты бұқасы бейнеленген мүсіншені алу үшін келесі санаттар бойынша сынаққа түседі: «Отпен жасалған үздік трюк», «Төбелеске қатысты үздік көрініс», «Автокөлікпен жасалған үздік трюк», «Үздік әйел трюгі» және т.б.

Биылғы жылы үміткерлер арасында 2016 жылы шыққан фильмдердің трюк қоюшылары бар: «Первый мститель: Противостояние», «Доктор Стрэндж», «Дивергент», «По соображениям совести» және т.б. картиналар. Жайдарбек Күнгүжінов «Викинг» ресейлік фильмімен жұмыс істегені үшін ұсынылып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Жайдарбек Күнғожинов – көптеген жүлделерге ие болған танымал отандық каскадер. Олардың арасында Халықаралық ат актробатикасы фестивалінде «Алтын аю», Қытайда өткен ат трюктері фестивалінде «Қола арыстан», спорттық «Оскар» және т.б. жүлделері бар. оның «Nomad Stunts» тобы «47 ронинов», «Неудержимые 2» фильмдерінде, «Марко Поло», «Бахубали» хикаяларында, сондай-ақ, Игорь Зайцевтың «Тобол» жаңа фильмінде трюктер қойған.

Үміткерлерді салтанатты түрде марапаттау 13 мамыр күні Лос-Анджелесте өтеді.

 

Превью: Николай Постников

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Алина

25 апреля 2017, 16:52

Здорово!! Молодцы! =)

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер