È

Жасұлан Пошанов «Қашқарияға саяхат» фильмінің трейлерінен үзінді ұсынды

Жасұлан Пошанов «Қашқарияға саяхат» фильмінің трейлерінен үзінді ұсынды

Жасұлан Пошанов «Қашқарияға саяхат» шытырман оқиғалы тарихи фильмінің трейлерінен үзінді ұсынды. Бейнежазба режиссердің Instagram парақшасына жарияланды.

«Қашқарияға саяхат» - офицер Шоқан Уәлихановтың саяхаты туралы хикая. Ол 22 жасында II Александрдың бұйрығымен Қашқарияға аттанады. Экспедиция өте қауіпті еді, себебі, қалада шетелдіктер мен тыңшыларды жақтырмайтын: оларды дарға асып, қинап өлтіретін. Шоқан өмірін тәуекелге тігіп, көпестің бейнесінде Қытаймен шекаралас аудандарды зерттеді.

«Қашқарияға саяхат» фильмінің түсірілімінен сурет
«Қашқарияға саяхат» фильмінің түсірілімінен сурет

Қазақ ғалымының образын актер Рүстем Жаныаманов, ал ғашығы Ажарды Гүлназ Жоланова сомдады. Сондай-ақ, картинаға Берік Айтжанов, Әсет Иманғали, Әділ Ахмет, Дулыға Ақмолда, Марат Абай-Ділда және Бауыржан Қаптағай түсті.

Кадрдан көне қалалар мен әдемі көріністерден бөлек, көрермендер Nomad Stunts каскадерлар тобының әсерлі трюктерін тамашалайтын болады.

 

 

Фото: Николай Постников

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:21

обезательно схожу, фильм о нашей истории.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер