È

Жасын Қанбаев: «Киберқорғаушыларда» Робин Гуд қағидаларын ұстанатын хакерді сомдаймын»

Жасын Қанбаев: «Киберқорғаушыларда» Робин Гуд қағидаларын ұстанатын хакерді сомдаймын»

Телеэкранға отандық хакерлер туралы баяндайтын «Киберқорғаушылар» хикаясы шықты. Ситком кейіпкерлерінің бірін жас актер әрі продюсер Жасын Қанбаев сомдады.

«Киберқорғаушыларда» Робин Гуд қағидаларын ұстанатын хакерді сомдаймын. Кейіпкерімнің есімі – Айдос, ол ірі компаниялардың шоттарындағы ақшаны қайырымдылыққа аударады. Ол өте ақылды әрі тапқыр, бірақ аутизммен ауырады. Сондықтан, үндемей, өз әлемінде өмір сүреді», - дейді актер.

Сюжет бойынша компьютер данышпандары кибер-шабуылдан қорғануға қатысты үлкен бір жұмысты орындау үшін тәжірибелік топқа біріктіріледі. Подполковник Мұратовтың жетекшілігіндегі топта данышпан-хакер Айдос, кибер-шал Марклен, гаджетәйел Аида, ойыншы Санжар және SMM-ші Дина жұмыс істейді.

IT-мамандар туралы алғашқы хикаяның идеясы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа тиесілі.

«Киберқорғаушылар» фильмінің түсірілімінен сурет
«Киберқорғаушылар» фильмінің түсірілімінен сурет

«Түсірілім барысы эфирге шығардан үш ай уақыт бұрын басталған. Біз түсіріп жатып, сценарий де қатар жаздық. Жоба мен үшін жақсы тәжірибе болды. Өзім математика мен ақпараттық технология факультетін бітіргенмін. Сондықтан, түсірілім кезінде терминдер мен атауларға қатысты ешқандай мәселе туындаған жоқ. Мамандығым бойынша жұмыс істемесем де, хикаяда бағдарламашыны сомдағаныма қуанамын», - деп қоса кетті Жасын Қанбаев.

Сондай-ақ, хикаяға Мұрат Бисенбин, Төлепберген Байсақалов, Әсемгүл Ибраева, Әлішер Мұстафин, Әсел Ташарова және Ақарыс Әшімхан түсті.

Хикая «Жетінші арнадан» көрсетіліп жатыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер