È

Сәуір айындағы ең үздік 7 трейлер

Сәуір айындағы ең үздік 7 трейлер

Кейде жақсы трейлер түсіру фильмнен де қиын. Әдетте фильмнің өзінен гөрі трейлер сапалырақ, қызықтырақ шығып жатады. Ол трейлерлерде көрермендерге ең жақсы көріністер ұсынылады да, фильмді қызықты етіп көрсетеді. Сәуірлік жинақта біз сіздер үшін фильмдеріне қарағанда жақсы немесе нашар болуы мүмкін, бірақ көзге бірден түсетін трейлерлерді ұсынамыз.

 

7. «Менің бөлем Рэйчел»

Режиссері: Роджер Мишелл

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма

Өздеріңіз білетіндей, кітапты экрандау қиындау болып жатады. Өйткені, фильмді өз ғасырына сай жасай отырып, түпнұсқадан қатты өзгертіп жібермей, жақсы идея мен ойды әдемі жеткізе білу қажет. Ал Дафна дю Морьенің романдарын экрандау тіпті қиын, өйткені ол жақта кинематография тіліне ауыстыру қиынға соғып жататын психологиялық өзгерістер, күрделі кейіпкерлер, таңғажайып оқиғалар, өзіндік атмосфера бар. Трейлерде осының барлығы көрсетілген.

 

6. «Мозг Гиммлера зовется Гейдрихом»

Режиссері: Седрик Жименес

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, тарихи

Фильм атауы өте қызық. Трейлері де. Экранда ұлтшылдардың әрекеті әдеттегі үлгімен, қарабайыр оймен жеткізілген. Олар үнемі айғайлап, қару-жарақпен атыс ұйымдастырып жүреді. Негізі, оларды өз қиындықтарымен, мақсаттарымен, алған бағыттарымен өзгешелеу қылып көрсеткен жөн еді. Барлық шенеуніктер секілді мансапқа ұмтылған Рейнхард Гейдрих секілді. Ол мансап үшін барлық еврейлердің көзін құртуы керек болды. Ақыры, барлық жағдайды түсіне отырып, салқынқандылық танытып, айтқан тапсырманы бұлжытпай орындайтын.

 

5. «Американдық канішер»

Режиссері: Майкл Куэста

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, атыс-шабыс фильмі

Таза американдық фильм. Тақырыбы, формасы, актерлер, ырғағы – барлығы америкалық бағытта жасалған. Сырттай қарағанда мықты, қайсарлы, жігерлі боп көрінетін, бірақ әйелдері мен бала-шағаларын, иті мен мысығын жақсы көретін, нәзік ОББ агенттері көрсетіледі. Олар АҚШ-тың ашушаң саясатын қолдай отырып, Таяу Шығысқа соғысқа аттанады. Сондай-ақ, голливуд сценаристерінің сүйікті ісі - саясатқа қарсы шығу да бар бұл жерде.«Отан» мен «Декстер» танымал хикаяларының режиссері Майкл Куэстаның бұл туындысында Майкл Китон ойнайды.

 

4. «Детройт»

Режиссері: Кэтрин Бигелоу

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, тарихи

Қазіргі таңда «қара киномен» (автордың сөзі емес, терминді америкалық киносыншылар ойлап тапқан) байланысты толқын жоғары өрлеп, мықты болып келеді. «Он екі жылдық құлдық», «Ай жарығы», «Көрінбейтін бейнелер», «Ограды», «Крид» – бұлар «Оскармен» белгіленген ең үздік туындылар. Осы жүлденің лауреаты, көпшілікке «Шөлдегі боран» мен «Нөмірі бірінші мақсат» фильмдері арқылы таныс Кэтрин Бигелоу да аталмыш тақырыпқа кірісті. 1967 жылы Детройтте болған және бес күнге созылған әйгілі көтеріліс жайлы оқиға. Трейлер (фильм де) кәсіби түрле түсірілген. Бигелоу көрермендерді қарапайым әрі мәңгілік құндылықтармен баурап алатын саяси жанрдағы триллерді түсірген жақсы көреді.

 

3. «Алданған»

Режиссері: София Коппола

Мемлекеті: США

Жанры: драма, тарихи

Біздің назарымызда басқа режиссер-әйел, «Оскардың» лауреаты – София Коппола. «Алданған» мен «Детройт» ұқсайды: драмалық, тарихи және екі азамат та қиын жағдайға тап болады. Бірақ, Бигелоуға қарағанда Копполаны Еуропада дақсы көреді, түрлі сыйлықтар береді. Оның жаңа фильмін Канн фестивалінің негізгі байқауына таңдап алды, бұл өте жақсы көрсеткіш. Фильм фестивальден өтпесе де, қатысты деген атауға ие болады.

 

2. «Kingsman: Алтын сақина»

Режиссері: Мэттью Вон

Мемлекеті: АҚШ, Ұлыбритания

Жанры: драма, атыс-шабыс фильмі

Негізі, супер табысты Бонд, одан қалыспайтын Шерлок және т.б. детективтер, тыңшылар, тергеушілер туралы фильмдер жетерлік. Алайда, қылмыстық әлемге толы Британияда бүкіл әлемді құтқаратын жаңа кейіпкерлер пайда бола береді. Алғашқы «Kingsman» танымал бола түсті. Оның басты себебі, дұрыс таңдалған басты кейіпкер және британдық жұлдыздардың бірінен құралған көмекші құрамның болуы еді. Жаңа бөлімде де бұрынғы құрам ойнайды, тек көлемінің ұлғайғаны ғана болмаса.

 

1. «Жұлдызды Соғыс: Соңғы джедайлар»

Режиссері: Райан Джонсон

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, фэнтези

Оларсыз қалай енді! Күш әлі де бізбен бірге, олар ешқайда жоғалмады. Әйгілі ғарыш оқиғасы жалғасуда және әлі жалғаса беретіні сөзсіз. Қос нүктеден кейінгі «соңғы джедайлар» деген сөзге мән бермеңіздер. Олар тек жарнама үшін ғана қолданылған. Қазіргі таңда, танымал фильмнің жалғасының болатыны белгілі болды, тіпті бұл бөлімге режиссер де тағайындалған. Режиссер Райан Джонсон негізі өте қызық жан. Ол кинода тәжірибелер жасаудан қорықпайды. Оның «Кірпіш» атты дебютті фильмі заманауи америкалық мектептердегі қиындықтарды және туған ағасының ғажайып музыкасы туралы баяндайтын. «Уақыт ілгегі» атты екінші фильмі әккіге және мысқылға толы болғандықтан, көп адам түсіне қоймады. Енді оған үлкен киноэпопеяны түсіруді тапсырды. Бұл аса зор жауапкершілік. Алайда, трейлер қандай да бір қорқынышты тудырмайды. Дегенмен де, оның не ойлағанын көру қызықтырақ болып тұр.

 

 

Бағлан Құдайберлиев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер