È

2018 жылдың наурызындағы 7 үздік трейлер

2018 жылдың наурызындағы 7 үздік трейлер

Отандық кино көрермендер үшін күресті жалғастыруда және жақын арада бұл қатарға екі комедия қосылмақ – «Әйел кедергі емес» және «Инстаграмшыл қыз». «Кристофер Робиннің» тизерін ғана ұсынған Disney фильмнің барлық шамасын бағалауға мүмкіндік бермейді. Ерекше блокбастерлер «Тосын апат» пен «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» туралы сөз қозғаудың өзі артық, бұл екі таспаға арналған роликтер керемет жұмыс істеуде. Фестивальдық кино жанкүйерлеріне «Аң» триллері, ал экстремал-әзілкештерге «Үзілу нүктесі» арналады.


7. «Кристофер Робин»

Режиссері: Марк Форстер

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: мультфильм, мюзикл, драма, комедия, шытырман, отбасылық фильм

Кристофер Робин кішкентай арманшыл баладан жалықтыратын бірсарынды кеңсе жұмысының жоғары лауазымды басшысына айналады. Ол салмақты шешім қабылдап, адамдармен және олардың мәселелерімен жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ, бір күні барлығы өзгереді. Кристофер ескі досы Винни Пухты кездестіріп, Стоакров орманына достарын іздеуге барады, бір жағынан нағыз бақыттың не екенін түсінеді. Ескі достар мен ғажайыпқа деген сенімнің таңғажайыптарды тудыратыны тамаша емес пе?!

Айналымдағы күтілетін уақыты: 2018 жылдың тамызы

 

6. «Инстаграмшыл қыз»

Режиссері: Арыстан Каунев

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: комедия

«Инстаграмшыл қыз» тизері бетке арналған ғажайып жақпа майды қолдануды үйретеді. Әрине, бұл күлкілі, өйткені Анар Батырхан бірден бейнежазбалардың танымал кейіпкерлеріне ұқсас болуға тырысатыны көрініп-ақ тұр. Бойжеткенге аяушылық сезімін таныту керек. Ол өзінің аккаунтын біреулер бұзып тастағандықтан, миллион оқырманынан айырылып қалды. «Инстаграмшыл қыз» көрермендерді home video ұсынғаннан басқа несімен таңқалдыра алады? Басты кейіпкердің комедиялық талантына сеніммен қарайық.

Айналымдағы күтілетін уақыты: 2018 жылдың көктемі

 

5. «Аң»

Режиссері: Майкл Пирс

Мемлекеті: Ұлыбритания

Жанры: триллер

Майкл Пирстің «Аң» фильмі көптеген халықаралық фестивальдерде үлкен табыс алып келді. Сценарий авторы ретінде Пирс «Джерсидегі аң» жайлы қызықты оқиға ойлап тапты. Картинада Ұлыбританияның жағалауындағы аралдардың біріндегі кісі өлімі мен махаббат өзара байланысқан. Бас кейіпкер Молл алғаш рет шынайы ғашық болады. Ол сүйіктісі Паскаль қамауға алынғаннан кейін, өзінің қорқынышымен және аралдағы оқшаулануымен күресуіне тура келеді.

Айналымдағы күтілетін уақыты: 2018 жылдың маусымы

 

4. «Әйел кедергі емес»

Режиссері: Асқар Бисембин

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: комедия

Асқар Бисембиннің «Әйел кедергі емес» картинасы комедияның мазмұны жағынан ешқандай да жаңалық ашпайды. Сол баяғы үшбұрыш, олар – айлакер күйеу, барлығына түсіністікпен қарайтын көңілдес және күйеуінің жаны мен тәні үшін күресетін әйел. Негізінен, мұндай қалыптасқан сюжетпен түсірілген таспа тек актерлік ойынмен ғана басымдық таныта алады. Сондықтан, Әсел Сәдуақасованың талантына күмәнданбауға әбден болады. Ол өзінің күйеуін туған үйінің табалдырығына қалай алып келу керектігін жақсы біледі.

Айналымдағы күтілетін уақыты: 2018 жылдың сәуірі

 

3. «Тосын апат»

Режиссері: Бальтасар Кормакур

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма, мелодрама, шытырман

Аздаған үзілістен кейін «Ант» психологиялық триллерін қолға алған ирландық режиссер Бальтасар Кормакур «Эвересттің» деңгейіндегі блокбастерге қайта оралады. Ол өзінің кейіпкерлерін шынымен болған түрлі оқиғалармен сынағанды ұнатады. Екеуі Тынық мұхитына жүзуге аттанады. Бұл ақылға сыймайды. «Тосын апаттың» кейіпкерлерін алда сынақтан өткізіп қана қоймай, батылдығын да тексереді.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың маусымы

 

2. «Үзілу нүктесі»

Режиссері: Тим Киркби

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: комедия

Көріністегі шынайы трюктар мен әзілдерді және «Әпенділер» франшизасында орын алған ессіздікті сағынғандардың назарына ұсынады. Алба-жұлба болса да жеңілмейтін Джонни Ноксвил қайта оралады! Ол нағыз ессіз көңіл көтеруді қалай ұйымдастыру керек екенін біледі және әр қадамы тосын сыйға толы, ол өзін қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Ноксвил ашулы кезінде басқа күйге енуімен ерекшеленеді. Ол әрқашан шабуылдың алдынғы қатарында!

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың мамыры

 

1. «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»

Режиссері: Энтони Руссо, Джо Руссо

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, фантастика, фэнтези, шытырман

«Кек алушылардың» қорытынды трейлері жәй ғана жақсы емес, ол – тамаша! Marvel өз көрермендерін жақсы сезінеді және ақылға қонымды шебер орындалған белгілер мен жұмбақтарды тастайды. Бұл ролик жайлы кездейсоқ зерттеу жазып және таспаның алдағы оқиғасы жайлы кофе көбігімен бал ашуға болады. Бұл жобаның «Қара Ілбісіннен» кейінгі серпіліске дайындалғаны сезіледі. Сондықтан, барлығын мұқият қараңыздар және топтың құрамындасыздар ма әлде жоқ па, шешім қабылдаңыздар.

Айналымдағы күтілетін уақыты: 2018 жылдың мамыры

 

 

Сергей Бутаков

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса