È

Ересектерге арналған кино: махаббат жайлы ғана емес

Ересектерге арналған кино: махаббат жайлы ғана емес

Жыныстық қатынас кетті. Ол жоғалып кеткен жоқ (сән журналдары Z ұрпақтарының асексуалдылыққа бейім екенін айтуда) бірақ, ең болмағанда белгілі бір уақытқа кинематографиядан кетті. Соңғы он бес жылда болған әртүрлі әлеуметтік және мәдени іс-шараларда жыныстық қатынасты көрсету үлкен экрандардан кішкентай экранға ауысты, содан кейін оны жаппай мәдениеттен мүлдем алып тастауға талпынды (мысалы, «Тақтардың ойыны» соңғы маусымында, эротикалық сахналардың саны азайды).

Бүгінде «Сұрдың 50 реңкі» фильмінің эротикалық жанрдағы кассалық табысты басып озатыны жайында берген уәдесін біреу білсе, біреу бермес. Бірақ, олай болмады. Әйтеуір, фильм касса жинады, бірақ осыдан кейін беделді кино ойыншылар жыныстық қатыста зорлықшыл еркектер мен қорғансыз әйелдерді көрсетуге талпынбады.

«Тақтардың ойыны» фильмінен көрініс

Егер жыныстық қатынас тақырыбын жаппай кинематография тарихынан қарастырсақ, онда том-том зерттеу кітабын (жазылғандарын қосқанда) жазуға болады. Одан бөлек, жыныстық қатынас классикалық слэшердің, «Вязов көшесіндегі сұмдық», «Айғай», «13-ші жұма», «Бұрылыс дұрыс емес» және т.б. фильмдерінде негізгі атрибуты болғаны көбінің есінде. Бүгінде мұндай слэшерларды түсірмейді. Кассаны жыныстық қатынас мүлдем көрсетілмеген «Паранормальды құбылыс» және «Астрал» сияқты фильмдер жинайды.

80-90-жылдары «9,5 апта» және «Негізгі түйсік» сияқты эротикалық триллер мен мелодрамалар сәнде болды. Голливудта оған негізінен режиссерлер Эдриан Лайн және Пол Верховен қолдау көрсетті. Сондай-ақ, «Жұлдызды десант» фильмінде әртүрлі жынысты десанттардың душқа бірге түсуі ешқандай тұспалдаусыз-ақ кейіпкерлердің арасындағы нәпсіқұмарлықты көрсетеді.

«Негізгі түйсік» фильмінен көрініс

Сонымен қоса, сюжеттің басты локомотиві жыныстық тәжірибесі жоқ жасөспірім жігіттер мен ессіз қыздар жайлы фильмдер де сәнде болды. Осы бағыттағы фильмдерге «Америкалық бәліш» фильмін жатқыза аламыз.

Егер сексплуатация жаппай кинематографиядан жойылды десек, ол сонда қайда кетті деген сұрақ туындайды (телеарнадан басқа, әрине)? Сұрақтың жауабы біркелкі. Жыныстық қатынас интеллектуалды дәрежеге немесе авторлық киноларға көшірілді деп айта аламыз ба?

Расымен, солай. Жыныстық қатынас әрқашан авторлық киноларда болды. Басты сюжеті жыныстық қатынасты көрсететін Ларс Фон Триер немесе Ким Ки Дуканың жұмыстарын еске алсақ жетіп жатыр. Бірақ, ол әрдайым жүзеге аса бермеді. Фон Триердің өзі «Нимфоманканы» сәтсіз тәжірибесі екенін айтып, оған жұмыс барысындағы әрі сценарий жазудағы салмақты күйін кінәлаған болатын.

«Нимфоманка» фильмінен көрініс

Сезімталдық пен эротизм ұзақ уақыт бойы еуропалық екі шебердің - Педро Альмодовар мен Франсуа Озонның қолтаңбасының негізгі элементтері болып қала берді. Табысты сексуалды фильмдердің қатарына Канн кинофестивалінің «Алтын Пальма бұтақтары» аталымының лауреаты – Абделатиф Кешиштің «Адель өмірі» драмасын жатқызуға болады.

Ақыр соңында, эротизмнің жаңа үлгісі ретінде жасөспірім жігіт туралы әсерлі оқиға баяндалатын Лука Гуаданинидің қандай да бір себеппен гей-драма деп аталған «Мені өз атыммен аташы» картинасын айтуға болады. Дәл осы термин өткен жылы «Оскар» сыйлығын иеленген «Айдың жарығы» және жоғарыда аталған «Адель өмірі» фильмдерінде де кездеседі. Гей-комедия және гей-атыс-шабыс жанрлары сияқты гей-драма жанры жоқ. Ешкім «Түйсікті» гетеро-ромком деп атамайды.

«Уолл-стриттің қасқыры» фильмінен көрініс

Қандай болжамдар жасауға болады? Әрине, Голливудтағы жыныстық қатынасқа қатысты даудан кейін, бұл тақырып әлі де қайта көтеріледі. Телеарналар бүгінде өз жолымен келе жатыр. Ал Мартин Скорсезенің «Уолл-стриттің қасқыры» комедиясы сияқты картиналар азаяды. Сексуальды революция жазда ұмытылып, алда асексуальды революция басталады.

 

 

Кәрім Қадырбаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер