È

Түстерді қорушы

Түстерді қорушы

Фильм балалар жазушысы Роальд Дальдің кітабы бойынша түсірілген. Бұл автордың шығармаларын экрандауды Голливуд жақсы көреді. Киноға бейімделген туындыларының ішіндегі ең танымалдары: «Чарли және шоколадная фабрика», «Матильда», «Бесподобный мистер Фокс». Осы жолы фильмді Дисней түсірді және бұл сезіліп тұр.

Картинаның режиссеры әрі продюсері Стивен Спилберг өз ісінің шебері. Ол көптеген фильмдерді түсірді, өзін барлық жанрда сынап көрді, енді Спилберг балалар мен отбасыны арналған фильмдерге қайта оралды. О баста ол осындай фильмдерден бастаған болатын.

Спилбергтің ойын-сауық өндірісіндегі орны ерекше, ол осындай фильмдерді қалай түсіруді, қалай ұсынауды біледі. Жасы жетпіске келіп қалса да соңғы жылдары Спилбергтің шығармашылығы жемісті болды.

Бұл отбасымен көруге арналған классикалық диснейлік өнім. Бұл белгілі бір аудиторияға арналған коммерциялық жоба, Отбасылық құндылықтар, тәлім-тәрбие, мейірімділік, достық - бәрі бар.

Өз кезінде «Инопланетянин» фильмі Канн кинофестивалінде алғаш рет көрсетілген болатын, сол секілді «Большой и добрый» картинасы да Канн фестивалінде бағдарламадан тыс көрсетілді. Фильмді көрермендер жылы қабылдады.

Алыптарды кинематографта біз жиі көрдік дей алмаймыз. Тек соңғы жылдары технологияның дамуына байланысты осындай алыптар экраннан көріне бастады.

Соңғы фильмдерден еске түсетіні Питер Джексоннің «Хоббит» және Брайан Сингердің.«Джек-покоритель великанов» фильмдері. «Хоббит» сәтті шықты, екіншісі сәтсіздеу.

«Большой добрый великан» фильмінде Марк Рейланс мейірімді алыпты дыбыстап қана қоймай, экранда образ жасады.

Картинаның сюжеті бойынша Рейланс балалар үйінің тәрбиеленушісі Софи есімді кішкентай қызды жолықтырып, оны Алыптар еліне алып кетпек болады. Ол жақта алыптар өте көп және олардың бәрі бас кейіпкер секілді мейірімді. Алыптың өзі түстерді жинап, оларды балаларға үлестірумен айналысады.

Түстер туралы фильм ұйқыңды келтіреді

Түстер, сиқыр, алыптарлың сиқырлы әлемі, алыптардың өзі, барлығы баяғыдағы ескі ертегі секілді. Бірақ мейірімді ертегі, ертегілік атмосфера бір сәтте бұзылады. Соғыс техникасы, тікұшақ, рациялар және телефондар кадрда пайда болған кезде ертегіден түк қалмайды.Әрине, жаңа технологияны пайдалану да өзінше дұрыс шығар, бірақ фильмді ертегі секілді қылуға тырысқан, бірақ соңына дейін ертегі болып қала алмайды.

Егер шын қаласа, фильмдегі шиеленіс бес минутта-ақ шешіле салар еді. Дегенмен кейіпкерлердің логикасы мен мотивациясында аздаған мәселелер бар.

Басты кейіпкерлі ойнаған актриса жап-жақсы ойнады, экранда жалықтырмауға тырысады, Ол павильонның ішінде жасыл фонда мәтінін жасыл шарға қарап тұрып оқыды. Пост-продакшенда монтаж кезінде барлығы түзеліп, эффектілер қосылды. Осындай жағдай Джон Фавро түсірген Диснейдің «Джунгли кітабы» фильмінде болған еді.

Алыптың өзіне логопедтің көмегі керек, оның сөйлеу аппаратында айтылуы дұрыс емес түрлі артық сөздер көп. Мысалы, «головожужжительно», «жирафолоиды», «злокошмарец», «августейшая по самый сентябрь» тағы сол секілді. Бұл әдейі осылай жасалған қадам ба, ол жағы белгісіз. Дыбысталуы сапалы, сондай-ақ персонаждың мінезін аша түседі, ертегі шарттары сақталған, бірақ жоғарыда айтқанымыздай ұшақтар мен рациялар атмосфераны бұзады.

Жалпы алғанда бұл стандартты , отбасылық фильм кей тұстарында күлдіреді, кейде таңғалдырады. Аңқау, мейірімді, балалар аттракционы – нағыз балалармен баратын кино.

Киноға барған Болат Қисамбаев

«Бродвей» редакциясы фильмнің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Меломан» және Bekmambetov cinema кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер