È

«Она»: Бос әдемілік

«Она» фильміне пікірнама

Ақан Сатаев – еліміздегі белді режиссерлардың бірі. Оның фильмдерінің тұсаукесері сәтті өтеді, кейде Республика сарайында да болып жатады. оның туындыларын кейбірі жақсы көреді, енді бірі ұнатпайды, ал режиссердың кей картиналары көпшілікке танымал бола түсті.

Сатаевтың жергілікті басқа режиссерлардан айырмашылығы – ол бір орнында тұрмайды. Қылмыстық атыс-шабыс фильмдері («Рэкетир») арқылы танылған режиссер өзін көлемді тарихи кинода («Анаға апарар жол») және психологиялық триллерде («Адасқандар») сынап көрді. Барлығы сәтті шықты.

Отандық мэтрдің жаңа жұмысы триллер жанрында түсірілген. «Она» тірі жан тұрмайтын қалада өмір сүретін анасы мен қызы туралы баяндайды. Екеуінің керемет пәтері бар, олар күн сайын тып-тыныш қаланы аралап, қыдыруға шығады – анасы қытай тілін үйренсе, кішкентай қыз қорқынышты суреттер салады. Кенеттен, ол пайда болады да, барлығы өзгереді...

Картинаның әлемдік тұсаукесері биылғы жылдың қазан айында Кореяда өтті. Фильм Пусан халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасына енген болатын. Одан басқа, бұл «20th Century Fox» әлемдік ірі дистрибьютордың логотипімен кең айналымға шығатын алғашқы қазақстандық фильм болып табылады. «Она» Қазақстаннан бөлек, бірнеше ТМД елдерінде көрсетілмек.

Фильм суық реңкте түсірілген, жалғыздық атмосферасы бойыңды шымырлатып жібереді. Бастысы – саспенс бар, картина түрлі шиеленіске толы. Барлығы оператор мен композитордың жұмысының арқасында жүзеге асты.

Бұл - Сатаевтың еліміздің үздік операторларының бірі Азамат Дулатовпен бірінші мәрте жұмыс істеуі, екеуінің дуэті жақсы шықты. Камера тамаша қозғалған, картина сапасы жоғары. Композиторлар Әлім Заиров пен Роман Вишневский да өз жұмыстарын мінсіз атқарып, көріністі шиеленістіре білген. Жалпы, фильмнің техникалық жағы да тамаша.

Актрисалар да жақсы ойнап шықты, әсіресе - Айсұлу Әзімбаева, ол кейіпкердің ішкі толғанысын шебер жеткізді. Ал кішкентай қыз таң қалдыра қойған жоқ, дегенмен картинаның сәнін бұзып та тұрған жоқ.

Сценарийі әдеттегідей әрі ерекше тосын сыйларға толы болмады, бірақ айтарлықтай қателіктер жоқ. Барлығы сауатты жасалған.

Картина қызықты басталған, режиссер көрерменінің ебін тауып, жетелейді, бірақ әрі қарай болып жатқан әрекеттерді шектен тыс тікелей айтып кетеді. Осы кезден бастап фильм алға жылжымай, барлық жылдамдығынан айырылады. Фильм 70 минут қана жүреді, бірақ сол аралықта көріністер тым созылып кетеді.

Жалпы, «Она» - Сатаевтың сапалы әрі қызықты жобасы, дегенмен картинаға аздап батылдық пен мазмұн жетіспейді. Кино жақсы шыққан, алайда триллер үшін тым қарапайым.

Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

 

«Бродвей» редакциясы «Она» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Astana Film Fund-қа, «Жиырмасыншы ғасыр Фокс ТМД» кинокомпаниясына және CINEMAX кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер