È

Үй жануарларының құпиясы

«Үй жануарларының құпиясы»

Грю мен миньондарды құрметті демалысына шығарып салған Illumination Entertainment компаниясы кішкентай көрермендерді «Тайная жизнь домашних животных» деп аталатын көптен күткен жаңа мультфильмнің кейіпкерлерімен қауыштырды. Қызықты анонстармен көрермендерді қызықтырған анимациялық фильм осы жылдың асыға күтілген фильмдерінің тізіміне енді.

Бұрыннан таныс

Мультфильмнің сюжеті қабылдауға өте жеңіл, тіпті жақсы таныс деуге де болады. Оқиғаның басы Нью-Йорк қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Осы үйдің тұрғыны Макс атты терьер мен оның достары, көршілері үй сыртындағы өздеріне таныс емес әлемге тап болады.

Мультфильмнің Pixar студиясының «История игрушек» мультфильміне ұқсайтынын айта кеткен жөн. Контрасты персонаждар Макс пен Дюк атты иттердің бір-бірімен кездесуі жоғарыда айтылған мультфильмге ұқсайды, екі ит иелерінің махаббаты үшін күреседі. Мұндайда көрермендердің есіне Вуди мен косморейнджер Базз Лайтер түседі. «История игрушек» фильміндегі персонаждардан айырмашылығы жануарлар бір-бірімен тез тіл табысып кетеді, сондықтан сюжетке деген қызығушылық азайып қалады. Сценарлық топ жағымсыз кейіпкерлерді таңдауда аса ойланбапты. Далаға тасталған жаунарлар бандасы адамдар жақсы көретін жануарларға қайшы образдар.Алайда мультфильм авторларын кінәлауға асықпайық, өйткені картинаның өзіндік ерекшелігі де болды.

Нью-Йорк және оның құпиялары

Сюжет аздап әлсіздеу болғанымен, көрер көзге барлығы да әдемі болды. Айта кету керек, Illumination Нью-Йорк ну орманын өте қанық бояумен, ырғақты етіп көрсете білді. Шатырдан төмендегі құбырларға дейінгі қозғалыс, көліктердің ұрлануы, ұшу мен құлау секілді қарқынды әрекеттерді бір деммен көріп шығуға болалы. Персонаждар сүйкімді, олардың әрқайсысының өз орны, өз ерекшелігі бар, мысалы, Макс тұрақтылықты жақсы көреді, ал Дюк әлемдегі өз орнын іздеп жүр. Гиджет өзінің көршісіне ғашық, ал көжек Сноуболл барлығына өкпелі. Осы кйіпкерлердің ешқайсысы жалықтырмайды, олардың әзілдері өздеріне жарасады. Мультфильмдегі қарапайым көңілді фразалар сүйкімді хайуанаттарды тартымды ете түсті. «Тайна домашних животных» анимациялық фильмі алдына қойған тапсырманы орындай алған секілді, өйткені залдағы балалар мен үлкенлерді күлдіре білді.

Бірақ өкінішке орай, үй жануарларының ешқандай құпиясы болмай шықты. Олар банк тонамайды, керемет ірі кештер ұйымдастырмайды, ғаламшарды басып алуды жоспарламайды. Хайуанаттар өз өмірін сүреді, тамақ ішеді, серуендейді, иелерін асыға күтеді, әңгімелесіп, доп ойнау үші көршілеріне кіреді, рок тыңдайды, тамаққа тойып алып, кейде еркелейді, тіпті шытырман оқиғаларға да тап болып жатады.

Махаббат бәрін де кешіреді

Макс айтпақшы: «Біздің махаббатымыз бәрін кешіреді». Шын мәнінде солай: сынған ваза, жыртылған құнды қағаздар, тәпішкедегі кішкентай тосынсыйлардың барлығы алдыңыздан құйрығын бұлаңдатып, сүйікті итіңіз немесе мысығыңыз шыға келгенде ұмытылып кетеді. «Тайна домашних животных» - бұл иелері мен сүйкімді хайуанаттары арасындағы махаббат, сенім, достық туралы оқиға. Illumination жексенбі күні кешке отбасымен отырып көруге арналған анимацияны ұсынды. Өздеріңіздің үй хайуанатарыңызды аялаңыздар, өйткені олар сізге, сіз оларға керексіз.

Киноға барған Әйгерім Қасқыр

«Бродвей» редакциясы «Тайная жизнь домашних животных» анимациялық фильмінің алғашқы көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema компаниясы мен Cinemax (Dostyk Plaza) кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер