È

Шынайы аңыз

Шынайы аңыз

Диктордың баритон дауысымен португалша айтқан сөздері бүкіл бөлмеге естілді. Сұрғылт-қара мұрағат картинасымен бірге мынандай мәтін дыбысталды: «Оңтүстікамерикалық командада алғаш рет 17 жастағы Эдсон Насименту дебют жасайды, ол турнир тарихындағы ең жас ойыншы. Жас өрен өз ұлтының үмітін ақтауына мүмкіндігі бар». Бұл 1958 жылы футболдан өткен Әлем чемпионатынан репортаж болатын, бразилиялық комментаторлар Бразилия – КСРО арасындағы матчты осы сөздермен бастады. Аяқастынан трансляция үзіліп кетеді, енді көрермендердің назарын осыдан сегіз жыл бұрынғы оқиғаға аударады.

Бразилиялық фавелдердің бірі Бауру ауылы. «Біз Рубенс Арруда алаңындамыз, көше чемпионатының ақтық финалы. Дико гол соғады», – дейді көше футболының комментаторлары, мұнда доп ескі жастыққаптарға умаждалып тығылған түрлі қоқыстардан жасалған. Соған қарамастан көше балаларының футболға деген қызығушылығы ғажап. Бұл қуанышты шақты Әлем чемпионатында Бразиялия Уругвай командасынан жеңіліп қалды деген ақпарат қана бұзады. Сол кезде әкесінің жанында тұрған Дико деген бала: «Мен Әлем чемпионатында Бразилия үшін ойнаймын, сөз беремін!» дейді.

Ойдан шығарылмаған шынайы оқиға осылай басталды. Кедей отбасынан шыққан дарынды бала өзінің арманын жүзеге асыру жолында көп еңбектеніп, танымалдыққа ие болды, үш мәрте әлем чемпионы, "Футбол королі", Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша ХХ ғасырдың үздік спортшысы атанды.

Иә-иә, ұлы футболшы Пеле бір кездері миллиондаған жалаңаяқ қарадомалақтың бірі болған, ол да басқалар секілді үйдің маңында қолдан жасалған допты теуіп ойнады. Ағайынды режиссерлер Джефф және Майкл Цимбалист көркем фильмнің идеясын бірнеше жыл ойластырды. Ұлы футболшының өзімен танысқан соң жұмыс барысы жақсы жүре бастаған, арада бір ай өткенде сценарий дайын болды. Алайда Пеленің өзі тек кішкентай ғана эпизодтық рөлде ғана төбе көрсетеді, оның өтінішімен драматургияның жартысынан көбі қайта жазылды. Әлемді өзгерткен бала туралы фильм осылай түсірілді.

Картинаны түсірушілерде футболшы туралы шындықты түсіруден басқа амал болмады. Пеле бала кезінде өзінің сыртынан түрлі жағымсыз кеңестер, кекетулер естіп, өзін өзі кінәлап, тіпті спорттық карьерасын тастап та кеткісі келген кездер де болған. Тек қана анасы (Мариана Нюнс) мен қайырымды адамдардың қолдауымен әлемде жарық жұлдыз жанды.

Актерлер туралы бөлек әңгіме айтуға болады. 17 жастағы Пеленің рөлін Кевин Де Паула ойнады. Оның футболдағы барлық әрекеттері шынайы болып көрінеді, ойындағы сәттер (жарақат алған кездері, болашағына алаңдауы) көзіңе жас үйіреді. Рөлге енуінің құпиясы қарапайым ғана. Кевин «Tigres do Brasil» жастар футбол командасында жартылайқорғаушы ретінде ойнайды. Сондықтан оған футболшылардың сезімі таныс. Бала Пелені кішкентай актер Леонардо Лима Карвальо ойнады. Бұл баланың кәсіби түрде футболмен айналысатын, айналыспайтыны белгісіз, бірақ ойынмен жақсы таныс екені анық. Бразилияның кез келген баласы футболмен айналысатыны екінің біріне белгілі. Тіпті оларға бұрын Пелеге айтқандай «Анаңды тыңда, оқы, бірақ футболдан аулақ жүр» десе де футболға деген қызығушылықтары кемімейді.

Операторлық жұмысты да айта кетейік.Спорттық жарыстарды түсіру үлкен тәжірибені қажет етеді. Ал спорттық жарысты кинофильм форматында түсіру тіпті қиын. Біздің ойымызша, операторлар өздерінің міндетін жақсы атқара білген. Эмоциялар, футбол техникасы, қысқа, бірақ жарқын кадрлар, табынушылар мен жаттықтырушылардың көңіл-күйі барлығы сәтті шыққан.

Бұл арман туралы фильм. Өзіңнің тамырыңды ұмытпау, өзіңнің кім екеніңді естен шығармай, шыққан тегіңмен мақтана білу өте маңызды. «Өзіне өзі сенімсіздер жұдырық ала жүгіреді»,– дейтін әкесі Пелеге. Әкесі де бір кездері ұлы футболшы атануына өзіне деген сенімсіздігі кедергі болған еді. Фильмде баяндалған оқиға экрандалған биаграфия сияқты емес, қаламы қарымды қаламгер жазған шығармадай жеңіл қабылданады. Кейде өмірде дарынды деген жазушының өзі суреттей алмайтындай оқиғалар болып жатады.

Пеле өзінің өмірінен мысал ретінде былай дейді: «Сеніңіздер, жұмыс істеңіздер, қолдарыңыздар бәрі келеді». Қандай жағдайда да «Пеле: Рождение легенды» фильміне бару артықтық етпейді. Жақсы әсер алып, көңіліңіз көтеріліп қайтасыз. Үлкен іске қанаттану өміріңді жақсартады.

Киноға барған Альберт Ахмет

«Бродвей» редакциясы «Пеле: Рождение легенды» картинасының көрсетіліміне шақырғаны үшін Bekmambetov cinema кинотеатрына және «АзияКинопрокат» компаниясына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер