È

Әлемді өзгерткен сериал

Әлемді өзгерткен сериал

«Игра престолов» сериалы туралы естімеген адам жоқ шығар. HBO-ның көпсериялы жобасы әлемді жаулап қана қоймай, әр көрерменнің жүрегінен орын алды, Вестеростың қатігез әлемі көрерменді экранға байлап қойды десек, артық айтқандық емес.

Жақында «Бродвейдің» редакциясы алтыншы маусымның соңғы сериясын тамашалады және алған әсерімізбен бөлісуге асықтық. Барлық маусымға талдау жасауға тырысып көрейік.

Алтыншы маусымда да сол баяғы түнерген атмосфера, реалистік персонаждар, сарайдағы өзгерістер, сюжеттегі шиеленістер, адамдардың қарым-қатынасы сақталған. Мұнда аздап экшнның да, зорлық-зомбылықтың көріністері бар.

Сериалдың промо-кампаниясын ерекше атап өтуге болады. Сериалды жасаушылар соңына дейін маусымдағы шиеленісті сақтаған, олар бірде табынушылардың сұрағына жауап береді, біресе көрермендерді шатастырады, осылайша көпшіліктің қызығушылығын арттыра түседі.

Бір жағынан бұған басты рөлдегі актерлер де, сондай-ақ «Песня льда и пламени» циклінің авторы Джордж Мартин де септігін тигізді. Тағы бір айта кететін жайт алтыншы маусымнан бастап сериал белгісізі автордың кітабындағы түпнұсқасына келе бастады.

«Игра престолов» бұрынғысынша заманауи телевидениедегі ең қымбат, ең ірі сериал. Соған қарамастан сериалды жасаушылар сапасына аса мән беріп, төмен құлдырамауға тырысып, тіпті кейбір тұстарында жоғары деңгейде көрінді.

Халықтың сүйіктісіне аналып үлгерген ескі кейіпкерлерден бөлек жаңа маусымда біраз жаңа персонаждармен де қуантты Бұлар нде қалыпегізгі сюжетке жақсы кіріктірілген, көрерменге таныс бейнелердің көлеңкесінде қалып қойған жоқ.

Весторосте сол баяғыдай зұлмат соғыс жүріп жатыр. Әдеттегідей, фильмді жасаушылар ең «дәмдісін» соңғы сериаларға сақтайды. «Игра престолов» сериалының әрбір 9-ыншы сериасы басқаларынан ерекшеленетіні құпия емес.

Сол сериаларда ең таңғалдырарлық оқиғалар, күтпеген өзгерістер болады, ал сюжеттің жлеметтері толығымен ауысады да сериал жаңа бағытта дами түседі. Болып жатқан оқиғаның түнерген атмосферасы, тығырыққа тіреулі табынушылардың есін шығарып, тіпті мазасын қашырады. Өткен жылғы тоғызыншы сериясын немесе «қанды үйлену тойын» алып қарасақ та осындай. Сондағы соғыс көрінісі ірілігі мен сапасы жағынан Питер Джексонның «Властелин колец» картинасынан кем түсіпейді.

Алтыншы маусым басқалармен салыстырғанда драмалық болып келеді, бірақ қызығы да жоқ емес. Негізгі акцент зорлық пен экшнге түседі, ал секс көріністері экранда өте аз. Сонымен маусым аяқталғанда белгілі болғаны, әрине, қызықтың бәрі енді басталатыны.

Жалғасынан не күтуге болады?

Айта кету керек, қазіргі саясаттағы жағдай, яғни Еуроаймақтан Ұлыбританияның шығуы осы аймақта түсірілетін көптеген сериалдардың өнідірісіне әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл миллиондаған көрермені бар, рейтингі өте жоғары, сыншылар да жоғары баға берген лентаға аса әсер ете қоймасы анық.

Жетекші актерлердің жалақысы әр эпизод үшін 500 мыңға дейін көтерілді. Есесіне маусымның сериалары 7 серияға дейін қысқартылды. Осылайша қаламақы көтерілді, ең бастысы бұл сапасына әсер етпесе болғаны.

Сонымен әлі екі маусым түсіріледі деп күтілуде, ең соңғысы сегізінші маусым болмақ. Әзірге HBO 7 маусымның өндіріске жіберілгенін ресми хабарлады. Жаңалық күтеміз.

 

Киноға барған Болат Қисамбаев

«Бродвей»редакциясы сериалдың соңғы сериясын көруге шақырған « Fox», «Alma TV» және Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер