È

Үлкендерге арналған ертегі

Үлкендерге арналған ертегі

Көзі күлімдеген, сезімін жасыруды білмейтін, өзгеше киінуді қалайтын қарапайым қыз және қаншама қыздың арманы болған табысты жігіт. Олар қарапайым өмірде бір-бірімен кездесер ме еді. Ал қызға отбасына көмектесу үшін ақша керек, ал жігіттің ата-анасына мүгедек болып қалған балаларын қарайтын, 15 минуттан артық уақытқа жігітті жалғыз тастап кетпейтін адам керек.

Ертігілік «қаңқа»

Кедей отбасынан шыққан қыздың бай жігітке ғашық болып қалуы туралы оқиғаны сан мың мәрте жазушылар да, кинемотографистер де түрлі нұсқада берген болатын. Мелодрамаға негіз болған жазушы Джоджо Мойестің «До встречи с тобой» (2012) романы осыдндай шығармалардың арасында ерекшеленіп тұрады. Оқиға қазіргі Үлыбритания жерінде болады, пресонаждардың биографиясында трагедиялық бояу басым, осы тұсы шеберлікпен суреттеледі, сондықтан болар роман бестселлерге айналып, кітап сөрелерінен де, оқырмандардың жүрегінен де өз орнын тапты. алды.

Сюжет

Уильям Трейнор, немесе жай ғана Уилл (Сэм Клафлин) сүйіктісі Алисаның (Ванесса Кирби) құшағында оянады. Ол сүйіктісінің қасында ұзағырақ болғысы келеді, бірақ жұмысқа асығады. Құйып тұрған жауынның астында телефонмен сөйлесіп, әрі жолды кесіп өтіп бара жатып, Уилл өзне қарай қатты жылдамдықта ұшып келе жатқан мотоциклді байқамай қалады... Осы уақытта даяшы болып қызмет ететін Луиза Кларк (Эмилия Кларк) өзінің жұмыстан босатылғаны туралы ескертпе қағазды алады. Оның жігіті Патрик (Мэттью Льюис) болашағынан үміт күттіретін спортшы әрі кәсіпкер. Ол қызға қамықпауын өтіпі, өз ксібін ашуға немесе жұмыспен қамту орталығына баруға кеңес береді. Күтпеген жерженқызға 6 ай бойы мүмкіндігі шектеулі жанға күтуші болуға ұсыныс түседі. Осылайша тағдыр Уилл мен Луизаны жолықтырады.

Театраллық көзқарас

Өмір бойы театрда режиссер болған Теа Шерроктың «До встречи с тобой» кинодағы алғашқы дебюті. Осы фильмді түсіру кезінде ол киноны монтаж аттракционына айналдырған сәнге қарсы бағытта жүріп, осы өнер түріне шынайы мазмұн берді. Осы картинаның басты ерекшелігі де осы. Теа Шеррок актерлық ойынды,бет-әлпет қимылын, диалогты, ішкі қобалжуды көрсете білді. көрермен киноны театр қойылымы секілді тамашалайды, кейіпкерлері тура жандарында тұрғандай, экранның арғы жағында емес, бергі жағында тұрғандай әсер алды. Дегенмен режиссер толықтай театрлық ойынға да беріліп кеткен жоқ, қажет тұсында киноға тән әзілдерді, әндерді, динамикалық кадрларды, сұлу пейзаждарды сәтті пайдалана білді.

«Сенемін!»

Басты рөлдерге актерлерді іріктеген кастиг-директордың еңбегіне ерекше қол соғуға болады Сэм Клафлин мен Эмилия Кларк сомдаған образдар картинамен сәтті үйлеседі. Эмилияның небір сезімдерді жеткзе білгеніне таңғаласың. Бәрі басқалардан ала қарға секілді ерекшеленіп тұратын қызға бәрі «ақымақ қызға» қарағандай қарайды, бірақ оның ғажайыптарға сенуі шынайы жүрегінен шығатыны сезіліп тұрады. Сэм Клафлин де өз рөлін тамаша ойнайды, автор Джоджо Мойестің қиялында ол ішкі сезімін білдіре бермейтін жан. Сценарий бойынша ол өзінің эмоциясын дауысы, көздері және кейде бет-жүзі арқылы білдіруін көрерменге шынайы жеткізгені соншалық, нәзікжандылардың фильмді көріп отырып жылаған көз жастары Жерді құрғақшылықтан құтқарардай.

Кәсіби мамандарға арналады

«До встречи с тобой» фильмін жасаған әйелдер фильмге тек бір жақты әйелдердің көзқарасымен қарап, әйелдер тақырыбын көтермейді. Әйелдің деғ, ер адамның да персонажы жан-жақты ашылған, әзілдері өте күлкілі және баршаға түснікті және таңдалған тақырып қашан да өзекті. «өзі шын қалайтын адамға ғана көмектесуге болады»,– дейді Алисия Уиллдің қалған өмірін жақсартуға тырысқан ата-анаына, бұл мәңгілік философиялық сұрақтар турады ойлантады.жақсы дәстүр бойынша режиссер өз пікірін тықпаламай, басты кейіпкердің іс-әрекетін көрерменнің өзі бағалауына мүмкіндік берген. Не деуге болады, кәсібилік маманның жынысына да, жасына да қарамайды.

Көпшілікке арналған фильм

«До встречи с тобой» ешкімді бейжай қалдырмайды. Кино саласының білгіштері режиссердың көрерменге барлық нәзік сәттерді қалай жеткізгенін бағалайды. қыздар сүйікті бестселлерді үлкен экараннан тамашалағанда кітаптан оқығандай әсер алады, ал ерлерді күлкілі сәт тер мен ескі ғимараттар қызықтырады. Алайда бұл фильмді барша көрерменді біріктіретін бір нәрсе бар: «Бүгінгі күнмен өмір сүріңдер, әр бақытты сәтті есте сақтаңдар, өмірді бағалаңдар, ешқандай кедергілерге қарамастан өздеріңді аялаңдар». Режиссердің жолдауы - жай ғанан әдемі сөздер емес, ол кейіпкерлер мен көрермендердің шынайы сезімдері.

Қорытынды

Бұл кейіпкерлермен екі сағат бойы бірге небір сезімдерді бастан өткеретін шынайы кино. Сапалы драманы немесе трагедияны көргенде алатын ерекше әсермен рухани тазарып қаласың. Бір рет жүрегіңе жеткен фильм ешқашан жалыңнан кетпейді. Кейіпкерлер әр көрерменнің жүрегінен орын алады және әлем аздап болса да қайырымды бола түседі.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер